Күлеміз бе, жылаймыз ба?!..

Авторы: Е.Жуасбек

Жанр: Комедия

Ұзақтығы: 2 сағат

Жас санаты: +7

Сипаттама:

Бүгінгі күнгі бір отбасындағы ахуал бейнеленетін спектакль оқиғалары ащы күлкіге толы. Ұл мен қыз, келін мен күйеу бала, немерелерге дейін шетелдік есімді иеленген, құндылықтары да өзгерген бұл отбасы – кезіндегі кеңестік көзсіз интернационализмнің  бүгінгі зардабының нақты  көрінісі. Ұлттық болмысынан ажыраған ұл мен қыз, олардан өтіп туған немере мен жиен, күлкілі көрінетін қылықтары… «Өз қолын өзі кесе алмай отырған» ата-ананың өзек өртеген  өкініштері…  Қысқасы, бір отбасының, демек, қазіргі қазақ қоғамының да комедияландырылып  көрсетілген қасіреті. «Тәрбие – тал бесіктен». Әрбір отбасы, әрбір өтеннің мықтылығы – ел мықтылығының бір кепілі. Ойланайық, ағайын.

Премьера: 3 қараша, 2010 ж.

Қоюшы-режиссер – М.Ахманов, ҚР еңбек сіңірген артисі

Қоюшы-суретші – Қ.Халықов

Балетмейстер – Г.Мұхамеджанова

Режиссердің көмекшісі: А.Қабдешова

Режиссер ассистенті: Бақтияр Қожа

Өкінішке орай алдағы қойылымдар табылмады