Қилы заман

Авторы: М. Әуезов

Жанр: Тарихи драма

Ұзақтығы: 2 сағат

Жас санаты: +7

Сипаттама:

Ұлы суреткер М.Әуезовтің жолы ауырлау болған туындысы «Қилы заман» театрымызда алғаш рет 1997 жылы қойылған болатын. Тарих сабақтары ұмытылмауы керек, тарих сабақтастығы үзілмеуі керек. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің, атап айтқанда, Қарқара көтерілісінің тарихи баянын негізге ала отырып халыққа жасалған қиянаттың түп себебіне үңілтетін; патшаның қазақ азаматтарын қара жұмысқа алу туралы жарлығына, отаршылдық саясат, зорлық-зомбылыққа қарсы шыққан елдің кешегісі мен бүгінін зерделеуге бастайтын жаңа қойылымның ең басты идеясы – рухыңды жоғалтпа, әлеумет! Рухың жоғалса – елдігіңнің жоғалғаны.
Премьера: 2 наурыз, 2012 ж.

Қоюшы-режиссері- Ә.Рахимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-суретшісі- Е.Тұяқов,  Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері

Композиторы- Б.Дәлденбай,   Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Режиссердің көмекшісі – Б.Әбдіков

Өкінішке орай алдағы қойылымдар табылмады