Актерді өлтірген кім?

Авторы: И.Вовнянко

Аудармасы: О.Қыйкымов

Жанр: Криминальдық драма

Ұзақтығы: 2 сағат

Жас санаты: +7

Сипаттама:

Әсел есімді жас қызға кісі өліміне айыпты деп жала жабылады.  Оны даттаушылардың бет пердесі сот процесі барысында ашылады.  Адамгершіліктің ала жібін аттаудан дес бермей тұрған бұл топтың мүддесін қорғаушылардың арасында, өкінішке қарай,  заң қызметкерлері де бар. Дегенмен де оқиғалары мен психологиялық шым-шытырығы мол спектакльде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің адам тағдырына деген үлкен жауапкершілігі мен жоғары кәсібилігі арқасында жас қыз ақталып шығады. Өркениетті де еркін, жауапкершілікті қоғам құрудың басты бір шарты да  осы.  Заңның  салтанат құруы.

Премьера: 27 маусым, 2015 ж. 

 

Қоюшы-режиссер – А.Әшімов, КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтар лауреаты

Режиссер – С.Асқаров

Қоюшы-суретші – Ерлан Тұяқов

Композитор – Қ.Шілдебаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Музыкамен көркемдеген – С.Зубарев

Биін қойған – Г.Мұхамеджанова

Режиссердің көмекшісі –С.Гениярова

Өкінішке орай алдағы қойылымдар табылмады