Аттила мен Аэций

Авторы: Григорий В.Томский

Аудармасы: Әлия Бөпежанова

Жанр: Тарихи драма

Ұзақтығы: 2 сағат

Жас санаты: +7

Сипаттама:

Аттила –  Еділ қаған–батыс ғұндар мен еуропалық көптеген тайпалардың басын біріктіріп, үлкен қағанат құрған (б.з. 434-453 жж.), әлемдік тарихта ерекше орны бар тұлға. Бұл тақырыпқа осымен екінші рет оралып,  бұл жолы жаңа туынды – белгілі аттилатанушы, француз жазушысы Б. Тюргэннің тарихи драмасын сахналап отырған театр интерпретациясында Аттила басқыншы емес, керісінше, Еуропада құл иеленушілік құрылыстың шайқалуына әсер еткен, ондағы халықтарға азаттық әперген ұлы қолбасшы, Ғұн-Рим империясын құруды армандаған көрнекті мемлекет қайраткері, діни сенімдерді қадірлейтін дипломат. Мұның түп тамырында оның ата-баба өсиетіне адалдығы, өмірлік және билік қағидаларына беріктігі жатыр. Бүгінгі күнмен үндесетін, таңбалық мағыналары мол қойылымда Аттиланың сүйікті жары Кере-коға махаббаты, римдік атақты генерал Аэциймен достығы да көркем көрініс тапқан.

қоюшы-режиссер - А. Кәкішева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

қоюшы-суретші - Қ. Халықов

костюм үлгісі - Б. Әбдіманапова

композитор - А. Райымқұлова және С.Шәменов

биін қойған - Ш.Сапарғалиқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

визуалды  көріністер - М. Күзенбаев 

режиссер ассистенті - А. Қабдешова

режиссер көмекшісі - Г. Сейтімбет


Қойылымдағы жыр-монологтар авторлары - Т.Медетбек, ҚР Мемлекеттік сыйлығы лауреаты («Көк түріктер» поэмасынан  үзінділер), Ә.Бөпежанова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.