Сәкен Досхан Сәкенұлы

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

СӘКЕН Досхан Сәкенұлы еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының “Jas-Art” демалыс орталығының жетекшісі лауазымында бастайды. 

2008 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының “Шығармашылық лабороториясының” продюсері қызметіне шақырту алады. Білім ордасындағы қызмет кезінде бөлімінің жұмысын жүйеулеу жолында еңбек етіп, ұйымдастырушылық қабілеттерімен ерекшеленді. 

2009 жылы «Қазығұртфильм» ЖШС-нің арт-директоры қызметін атқарып, міндеттелген жұмысты жоғары деңгейді өткізді. 

Тәжірибесін арттыру мақсатында  2013 эстрада өнеріне ауысып, «Алашұлы» тобының PR-директоры қызметінде 3 жыл аянбай еңбек етіп,  этно-топтың Қытай, Ресей, Түркия, Башқортостан елдерінде өнер көрсетуіне ықпалын тигізді.

2016 жылы «CINEMA COMPANY 28» ЖШС-нің директоры қызметіне тағайындалып, Досхан Сәкенұлының белсенді шығармашылық еңбегі болып есептеледі. Кәсіби ұйымдастырушылық қабілеттерінің арқасында киностудияның өндірістік жұмыстарымен қатар әлеуметтік белсенділікті танытады. Алматы қаласының Әуезов және Наурызбай аудандарының мемлекеттік және кәсіби мерекелердің, әлеуметтік шаралардың ұйымдастырушысы бола отырып, аталмыш шаралардың сапалы деңгейде өткізілуіне мұрындық болады.

2017 жылы «CINEMA COMPANY 28» ЖШС-нің аясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатабалдының «28 THEATRE» жеке театрын ашады. Аталмыш театр еліміздің намысын Ресей, Түркия және Қазақстан аумағында өткен халықаралық театр фестивальдерінде бас жүлделерін иеленумен қорғаған. Халықаралық сапарлардың ұйымдастыру барысында Досхан Сәкенұлы ұйымдастырушылық қабілеттерімен қатар дипломатиялық жұмысының кәсіби үлгісін көрсетеді. Шет тілдерінің жетік білуі театрдың халықаралық дәрежесінің сапасын айқын көрсетті.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап «Маркетинг және қоғаммен байланыс» бөлімін басқарса, наурыз айынан «М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік  академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.