Болат Әбділманов

Болат Әбділманов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

1960 ж. 12 қарашада Талдықорған қаласында дүниеге келген.

1982 ж. Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтына актер мамандығы бойынша оқуға түсті.

1993-2006 жж. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында жұмыс істеген.

2016 ж. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етеді.

Сахнадағы рөлдері:

Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Базарбай (реж.Е.Нұрсұлтан), А. Сүлейменовтің «Адасқақ» Паң Нұрмағанбет (реж: Ә. Рахимов).

Кинодағы рольдері:

«Дұшпан, тоғызыншы ұлдан қорық», «Сағыныш», «Шегіртке», «Застава», «Шақал», «Махамбет», «Қош бол, Гүлсары», «Ағайынды», «Арман қала», «Лавэ», «Іздеу», «Аш есікті, мен - бақытпын!», «Прыжок Афалины», «Атажұрт», «Фара», «Біржан сал», «Алдар көсе», «Жаужүрек мың бала», «Әке серті» (сериял), «Бумеранг», «16 қыз».

Жетістігі:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001).