Шайза Ахметова

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Ахметова Шайза Хабибұлақызы, Қазақстанның халық артисі.

Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка селосында дүниеге келді.

1966-1970 жж. Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Өнер институтының (қазіргі Ұлттық консерватория) театр факультетінде білім алды.

1970 ж. М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік тобына қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыландысында» Қарлыға, «Қарагөзінде» Қарагөз, «Таңғы жаңғырығында» Қатша, Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуінде» Насихат, Е.Домбаевтың «Біздің кластың қыздарында» Алма, Ж.Аймауытовтың «Ғашықтық дертінде» Күнікей, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала-бейнесінде» Ұзынқайша, Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Кексе әйел, А.Тасымбеков, Қ.Ысқақтың «Кебенек киген аруларында» Тұтқын әйел, М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында» Сәлима, О.Бодықовтың «Дала тұтқынында» Айша, Қ.Бекхожиннің «Ұлан асуында» Қалмақтың қызы т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» Толғанай, У.Шекспирдің «Ричард ІІІ», «Кориолан» трагедияларында Анна және Волумния, «Асауға-тұсауында» Катарина, М.Булгаковтың «Жендеттерінде» Арманда Бежар, Е.Шварцтың «Қар ханымында» Қар ханым, «Күл қыз, Күн қызда» өгей шешесі, Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде»  Г.Лорканың «Бернарда Альбаның үйіндегі» Адела, Пиранделлоның «Өгей қызында» Өгей қыз, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Мухойя, Шиллердің «Генуядағы қастандығында» Джулия, Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Паола, Б.Брехттің «Тоғышардың тойында» Амели, Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында» Бәйбіше т.б.

Кинорольдері:

«Қан мен терде»  Бәйбіше (реж. Ә.Мәмбетов, 1979), «Қосымша сауалдарда» Райхан, «Адам факторында» Маргарэт, «Мергендерде»  Ана, «Толыптуған айда» Айша, «Сардарда»  Дәмеш (реж.Б.Қалымбетов, 2002) т.б.

Қазақстанның халық артисі (1991).