Жанаргүл Жаныаманова

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Жаныаманова Жанаргүл Амангелдіқызы, актриса

1989 ж. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Новоречка ауылында дүниеге келген.

2005 ж. Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы № 145 мектеп-гимназиясын бітірген.

2009-2013 ж ж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында "музыкалық драма әртісі" мамандығына оқуға түсіп, Қазақстанның халық артисі Есмұхан Обаевтың шеберханасында білім алды.

2013-2015 жж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында "драма әртісі" мамандығы бойынша магистратурада білім алды.

2016 ж. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

А.Володиннің "Қоштасқым келмейдісінде" Шумилова (реж. А.Маемиров), І.Есенберлиннің "Алмас қылышында" Аққозы (реж. А.Кәкішева), У.Шекспирдің "Лир патшасында" Регана (реж. Е. Нұрсұлтан), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Асия (реж. Е.Обаев), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Зуһра (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Қарлығаш (реж.Е.Нұрсұлтан).

Кинодағы рольдері:

"Ана жүрегінде" Шаһар (реж. Е.Рүстембеков), "Ғашық жүректе" Меруерт (реж. А. Ұзабаев), "Туған елдің түтінінде" Динара (реж. Е.Рүстембеков), "Бапкерде" Зейнеп (реж. М.Бидосов), "Күн сақшыларында" Земфира (реж. С.Сұлтанов), "Ұстазда" Салтанат (реж. Е.Рүстембеков), "Кеңесшілерде" Айсұлу (реж. Қ.Мұстафин), "16 қызда" Мақпал (реж. Қ.Мұстафин), "Таңдауда" Әмина (реж. А.Сахаманов), "Шырғалаңда" Эльмира (реж. Е.Нұрмұхаметов) рольдермен көрермен қауымның көзайымына айналып жүр.

Жетістіктері:

«Қоштасқым келмейді» қойылымындағы Шумилова ролі үшін "Театр көктемі - 2016" фестивалінде «Үздік сахналық ансамбль» жүлдесімен марапатталды.