Жанат Тинбаев

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

1984 ж. 25 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында дүниеге келген.

2001 ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының "драма театрының актері" факультетіне түсті. Алайда, оқу саласында үлкен өзгеріс болып, "кино және музыкалық театр актері" мамандығымен 2007 ж. бітірді.

2006-2013 жж. Ақсарай мюзикл театрында еңбек етті.

2013 ж. М.Әуезов атындағы драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

М.Әуезовтің "Қилы заманында" Жаңабай (реж. Ә.Рахимов), М.Сәрсекенің "Тендерге түскен келіншегінде" Сергей (реж. О.Кенебаев), С.Асылбекұлының "Империядағы кешінде" Берікбол (реж. А.Кәкішева), М.Задорновтың "Күйеуіңізді сатыңызшыда" Андрей Василевич (реж. О.Кенебаев), Ә.Рахимовтың "Шәкәрімінде" Халитов (реж. Ә.Рахимов), Д.Исабековтің "Жүз жылдық махаббатында" Валерий Брюсов (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері - Ақтоқтысында" Жылгелді (реж. Қ.Адылов), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Полицей (реж. Е.Обаев), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Бригадир (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Қаршыға (реж.Е.Нұрсұлтан), А. Сүлейменовтің «Адасқағында» Батыраш (реж. Ә. Рахимов), Шахимарденнің "Томирисінде" Балхаш (Томиристің күйеуі) (реж.Т.Әл-Тарази)

Кинодағы рольдері:

"Ұлжан" драмасында Қойшы баласы, "Ограбление по казахский" комедиясында Қуат, "Обратная сторана-2" трейлерінде Демон, "Раненый ангел" драмасында оқытушы рольдерін ойнады. Сонымен қатар көптеген телехикаяларда басты рольдерден көрінді. "Ғашық жүректе" Дәулет, "Санжар мен Қайсарда" Асқар, "Күн сақшыларында" Бек, "Өмір өткелдерінде" Продюсер, "Мозгатрясы" Ревизор, "Қарашаңырақта" Коммерсант, "Парызда" Полиция қызметкері, "Жарықта" Арызқой, "Пазлы счастье" Әке, "Қыз жолында" Тимур, "Іңкәр жүректе" Әлібек.