Аян Өтепберген

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Өтепберген Аян Өмірәліұлы, Қазақстан Жастар одағы “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты

1992 ж. 26 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

2008 ж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы жанындағы колледжге "Музыкалық драма және кино актері" мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2011 ж. бітірді. 

2011-2015 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының “Театр өнері” факультетін “Музыкалық драма театрының актері" мамандығы бойынша Асхат Маемировтің шеберханасында білім алды. 

2016 ж. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды. 

Сахнадағы негізгі рольдері:

М.Әуезовтің "Абайында" Айдар (реж. Е.Обаев), М.Омарованың "Ақтастағы Ахикосында" Ахиконың әкесі (реж. А.Маемиров), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Ермек (реж. Е.Обаев).

Кинодағы рольдері:

"Жаужүрек мың бала" Таймас (2011), "Олимп шыңы" (2012), "Рэкитер-2" (2015), "Қазақ елі" Бұрындық сұлтан (2016).

Жетістіктері:

 ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты (2012), "Жаужүрек мың бала" фильміндегі Таймас ролі үшін Қазақстан "Серпер" Жастар одағы сыйлығының лауреаты (2013).