Талғат Сағынтаев

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Сағынтаев Талғат  Қайратұлы, Қазақстан Жастар одағы  “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты.

 

1985 ж. Павлодар облысы Баянауыл ауылында дүниеге келген.

 

2003-2007 ж ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын оқып-бітірді.

 2007 ж. М.Әуезов театрының актерлік  құрамына қабылданды.

 

Сахнадағы негізгі рольдері:

 

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» Есен (реж. Х.Әмір-Темір), «Абайында» Нарымбет (реж. Е.Обаев), «Қилы заманында» Айтбай (реж. Ә.Рахимов), Т.Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Қожамберді (реж. Ә.Рахимов), Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?» комедиясында Мэлс (реж. М.Ахманов), Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Барбол (реж. Ә.Рахимов), И.Сапарбайдың «Қыз мұңында» Жарқын (реж. Т.Аралбай, Е.Обаев), Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Сүтемген (реж. Е.Обаев), Ә.Рахимовтің «Шәкәрімінде» Халитов (реж. Ә.Рахимов), Ж.Ерғалиевтің "Қас қағымында" Дәурен Исабеков,   І.Есенберлиннің "Алмас қылышында" Керей хан (реж.А.Кәкішева), т. б.

 

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда:

Н. Гогольдің "Үйленуінде" Степан реж.В.Захаров), Т.Жүженоғлының «Көшкінінде» Басқарма (реж. А.Кәкішева), М.Байджиевтің «Қылмысында» Сағын (реж. О.Ақжарқын-Сәрсенбек), А.Володиннің "Қоштасқым келмейдісінде" Давид Керилашвили (реж.А.Маемиров), т.б.

 

Кинорольдері:

 

«Махамбет» (2006, реж. Т.Сламбек), «Рэкетир» (2007, реж. А.Сатай), т.б.

 

Қазақстан Жастар одағы “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты (2015 ж).