Нұрлан Әбілов

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Әбілов Нұрлан Сәулетұлы, Қазақстан “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты.

1985 ж. Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылында дүниеге келді.

2003-2007 жж. Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын бітірді.

2007 жылдың қыркүйек айынан М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде»  Матай (реж. Х. Әмір-Темір), «Абайында» Баймағамбет, Пристав (реж. Е.Обаев), «Қилы заманында» Жәбірбаев Оспан (сахналық нұсқасы. Н. Оразалин, реж. Ә. Рахимов),  С. Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Мүсәпір (Ә. Рахимов),  Д. Исабековтің «Мұрагерлерінде» Бейтаныс жігіт (реж. О. Кенебаев), Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Жұмысшы (реж. О. Кенебаев), Т. Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Ақын (реж. Ә. Рахимов), Ә. Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Масақ (реж. Ә. Рахимов), Т. Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Марат (реж. Ә. Рахимов), М. Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» Сергей (реж. О. Кенебаев), Қ. Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» III рубасы (реж. Т. әл-Тарази), С. Асылбекұлының «Империядағы» кешінде» Берікбол (реж. А. Кәкішева), Ә. Рахимовтің «Шәкәрімінде» Әупіш (реж. Ә. Рахимов), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Жынды (реж. Е.Обаев), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Әскери (реж. А.Кәкішева) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: М. Кәрімнің «Күнәһарында»  Рысқұл би (реж. О. Кенебаев), У. Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Дәрмекші (реж. О. Салимов) т.б.

Кинорольдері:

«Трубадур» (реж.Э.Гельман), «Нереальная любовь» (реж. Ә.Қарақұлов), «Байқоңыр» (реж. Ф.Хельмер) фильмдеріне түсті.

Қазақстан Жастар одағы “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты (2015 ж).