Шерхан Пірназаров

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Пірназаров Шерхан Әуезханұлы, актер

1992 ж. Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шіркейлі ауылында дүниеге келген.

2012-2016 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының "драма театры және кино актері" мамандығы бойынша білім алды.

2016 ж. еңбек жолын Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрында бастады.

2017 ж. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

М.Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Әскери (реж. А.Кәкішева)

Жетістіктері:

2011 ж. Қызылорда қаласы "Студенттік көктем" фестивалінде Сұлтанәлі Балғалбаевтың "Қыз 20-ға толғанда" Тәукен ролі үшін "Үздік ер адам бейнесі" жүлдесімен марапатталды.

2011 ж. Қызылорда облысында Ел Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған "Жүргізушілер" байқауында 1-орын иеленді.