Ғайникамал Байқошқарова

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Байқошқарова Ғайникамал Мұқанқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  «Құрмет» орденінің иегері. 

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.

1965-1969жж. Құрманғазы атындағы  Алматы Мемлекеттік  консерваториясының театр бөлімінде театр-кино актері мамандығы бойынша білім алды.

1969-1974жж. Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етті.

1974ж. бері үзіліссіз  М.Әуезов театрында қызмет етеді.

Сол уақыттан бері 80-нен аса небір көркем роль орындап, музыкалық комедия мен фарстан бастап, психологиялық драма және трагедиялық қойылымдардың қай-қайсысында да шеберлік биігінен көрінеді.

Сахнадағы рольдері: 

Ұлттық классика мен әлемдік драматургияда: М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясында Қарагөз, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Көклан, «Айман-Шолпанында» Шолпан, «Абай» трагедиясында Қаныкей мен Текті, Ж.Аймауытовтың «Ақбілегінде» Ұрқия,  «Ғашықтық дертінде» Шекер, Б.Майлин әңгімелерінен қойылған «Сабатаж!!» спектаклінде Меруерт; М.Булгаковтың «Жендеттерінде» Мадлена Бежар, Мольердің «Ақымақ болған басым-ай!» комедиясында мадам де Сотанвиль, Г.Лорканың «Қасіретті қатындарында» Магдалена, Пиранделлоның «Өгей қызында» Актриса, Ф.Эрвенің «Түлкі бикешінде» Лидия, Мұстай Кәрімнің «Қара жаяуында» Мадина, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Башорат және Бостон, Ш.Айтматовтың «Ақ кемесінде» Гүлжамал,  Чеховтың «Шағаласында» Полина Андреевна, Ф.Кафканың «Құбылысында» Грегордың анасы, Г.Ибсеннің «Қуыршақ үйінде» Фрау Линне, түрік драматургы Т.Жуженоғлының «Көшкінінде» Кіндік шеше, Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Түрік кемпір (реж. А.Кәкішева) т.б.

Заманауи қазақ драматургиясында: Қ.Шаңғытбаев пен К.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясында Күнсұлу, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» Майқанова,  Қ.Мұхамеджанов пен Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Алмагүл, Н.Әбуталиевтің «Өттің, дүниесінде» (Махамбет) Бәтима ханым, Айғанша, Д.Исабековтің «Әпкесінде» Гауһар, Б.Римованың «Қос мұңлық» драмасында Самал, А.Сүлейменовтің «Қыздай жесір – штат қысқартуында»  Рита, Б.Мұқайдың «Өмірзаясында» Ирма, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Қапиза, С.Балғабаевтың «Сағыныш пен елесінде» Анар, Иран-Ғайыптың «Шыңғысханында» Есуй,  Е.Аманшаевтың «Үзілген бесік жырында» Ана, Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?» комедиясында Сары апа, Н.Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» әйел (реж.Н.Жақыпбай) т.б.

Кинорольдері:

1986 жылдың Желтоқсан оқиғасы туралы «Аллажар» (реж.Қ.Әбенов), «Офицер мырзалар», «Ауылым Көктөбенің бөктерінде» (реж.Ә.Сүлеева), «Күнә» (Б.Шәріп), «Шұға», «Астана – менің махаббатым»,  «Ағайындылар» (реж.А.Сатаев),  бас-аяғы   15-тен аса  көркем фильмге түсіп, әрқилы бейнелер жасады.

«ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалінің (2001), «Құрмет» орденінің иегері (2003), «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері (2011), ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2011).