Асан Киркабаков

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Асан Киркабаков, актер

1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген

2001-2005 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында  «Музыкалық театр және эстрада артисі» мамандығын Ж.Жабағин, А.Бектеміров, Ж.Хаджиевтің шеберханасынан тәмамдаған.

Шығармашылық жолын  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрынан бастап,  кейіннен «Ақсарай» мюзикл театрында еңбек еткен.

2017 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының актері.

Сахнадағы негізгі рольдері: 

Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» музыкалық драмасында (реж. Е.Нұрсұлтан) Бекежан (2017ж.), А. Сүлейменовтің «Адасқағында» (реж. Ә. Рахимов) Ақан Сері (2017ж).

Кинодағы  рольдері: 

«Тараз» (2016ж.) Асан,  «Оралман из Питера» (2017ж.) Толик, «Весь мир у наших ног» (2015ж.) Сары, «Талан» Тағай,  «Неделимое» Ержан және «Ең сұлу қыз», «Жел қызы» фильмдеріне түскен.