Ақберген Жұмабаев

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Жұмабаев Ақберген Қайрошұлы – 1992 жылы 20 қазанда Ақмола облысы, Еңбекшілер ауданы, Кеңашы ауылында дүниеге келген. 1999-2010 жылдары Кеңашы орта мектебінде оқыған. 2010-2014 жылдар аралығында Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінінің Театр, кино және ТВ кафедрасының «Драма театр және кино актері» мамандығы бойынша ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекназар-Ханинга Лайло Ақназарқызының шеберханасынан бітірген.

2014 ж. М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Д.Исабековтың “Жүз жылдық махаббат” Кәжен (“Мағжан”, реж. А.Кәкішева), Т.Уильямстың “Шыны хайуанатында” Джим (ауд. А.Сүлейменов, реж. А.Қабдешева), И.А.Вовнянконың “Қаза мен жаза” драмасында Артист (реж. А.Әшімов, С.Асқаров), А.Володиннің "Қоштасқым келмейдісінде" Судья (реж.Ас.Маемиров), І.Есенберлиннің "Алмас қылышында" Орақ (реж.А.Кәкішева), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Ермек (реж. Е.Обаев), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Жайық - Ақеділдің ағасы (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Қаршыға (реж.Е.Нұрсұлтан) т.б.