Төлеубек Аралбай

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Аралбай Төлеубек Мұхамеджанұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің, «Астана» медалінің, «Парасат» орденінің иегері.

1950 ж. Семей қаласында дүниеге келді.

1966 ж. Семей облыстық музыкалық драма театры жанындағы студияны бітірген соң театрдың қазақ тобына қабылданған.

1976 ж.  бастап  М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының актері.

1992-1995 жж. Т. Аралбай театр сахнасында еңбектене жүріп Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясын «драма және кино режиссері» мамандығы бойынша қызыл  дипломмен бітіріп шықты.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М. Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясының екі қойылымында да Маман (реж.Ә.Мәмбетов, Е.Обаев), «Абайында» Долгов (реж.Е.Обаев), «Еңлік-Кебегінде» Абыз (Х.Әмір-Темір), М.Әуезовтің «Қилы заманында» Жәмеңке (реж.Ә.Рахимов), Т.Ахтановтың «Антында» Барақ сұлтан (реж. Ә.Мәмбетов), Ғ.Мүсіреповтің «Амангелдісінде» Амангелді (реж. А.Әшімов), Ә.Кекілбаевтің «Абылайханында» Бұхар жырау (реж. Б.Атабаев), Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?..» драмасында Абай (реж. А.Әшімов), «Естайдың Қорланында» Естай (реж.Б.Атабаев), «Шыңғысханның соңғы мұхитында» Шыңғысхан (автор және реж. Н.Абдықадыров), С.Балғабаевтың «Сағыныш пен елесінде» Хайретдин, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Жақыпбек (реж. Ә.Рахимов), Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Мейірбек (реж.Е. Обаев), Т.Әбдіковтің «Ұлы мен ұры» драмасында Жарқынбек (реж.Е.Обаев, Е.Нұрсұлтан), Д.Кобрунның «Жынойнағында» Веллер Мартин (реж. А.Кәкішева), А.Чеховтің «Апалы-сіңлілі үшеу» драмасында Чебутыкин (реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Қанат (реж. Е.Обаев) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: И. Саввин, Ж. Тәшеновтің «Көшеде жүрген пақырды, әкім бол деп шақырдысында» Нұртаза (реж. Ә.Мәмбетов), С. Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Тілші жігіт (ауд. А.Сүлейменов, реж. Р.Сейтметов), Софоклдың «Эдип патшасындағы» Эдип (ауд. Х.Ерғалиев, реж. Ә.Мәмбетов), Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Октавий (ауд. Ә.Кекілбаев, реж. Қ.Жетпісбаев), «Кориоланында» Кориолан (ауд. Ә.Кекілбаев, реж. Ә.Мәмбетов), «Гамлетінде» Клавдий (ауд.Х.Ерғалиев, реж.Ю.Ханинга-Бекназар), Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Хайгер (пауд.Қ.Ысқақ, реж.Р.Андриасян), К.Аширдің «Қабыл – Адам ата перзентінде» Ібіліс (реж. К.Ашир), У.Гаджибековтің «Аршын мал аланында» Сұлтанбек (ауд. Қ.Мұхамеджанов, реж. Т.әл-Тарази), М.Кәрімнің «Күнәһарында» Дәруіш (ауд. Ә.Кекілбаев, реж. О.Кенебай), Мольердің «Жендеттерінде» Муаррон (ауд. А.Сүлейменов, реж. В.Мажурин) т.б.

Қазақстан және Орта Азия театрларының Ташкентте өткен І халықаралық «Наурыз» фестивалінде «ер адам ролін үздік орындағаны үшін» жүлдесін жеңіп алды. Дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінің бірнеше мәрте жүлдегері. Т.Аралбай театр сахнасында еңбектене жүріп, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясын «Драма және кино режиссері» мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітіріп шықты.

Режиссерлік жұмыстары:

«Үкілі Ыбырай» (Т.Қажыбай) спектаклі, «Әлі баба және қырық қарақшы» (В.Смехов, ауд. Ә.Бөпежанова, Т.Омарбеков) екі бөлімді мюзиклы, белгілі режиссер Е.Обаевпен шығармашылық бірлестікте қойған «Сыған серенадасы» (И.Сапарбай) мюзиклы, «Қаракемпір» (Ә.Әмзеев), «Үміт үзгім келмейді», «Қыз мұңы» (И.Сапарбай)  драмалары.

Киноролдері:

«Аждаһа жылы», «Шоқан Уәлиханов», «Азиат», «Қызжылаған», «Шегіртке», «Көшпенділер», «Рекэтир», «Періште», «Мұстафа Шоқай», «Астана-любовь моя», «Мың бала», «Жоюшы», «Ликвидатор»көркем фильмдеріне түскен.

1993 ж. бері Республикалық Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде «актерлік шеберлік» пәнінен сабақ береді.

2009 ж. бері Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында «Театр өнері» факультетінде доцент.

«Қазақстанның еңбек сіңірген артисі» (1995ж). «Астана» медалінің (1998), «Құрмет» орденінің (2006ж), «Парасат» орденінің иегері (2017ж).