Берік Айтжанов

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Айтжанов Берік Бөшенұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құлагер» Ұлттық киносыйлығының иегері

2000-2004 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетінің «Музыкалық драма театры артисі» мамандығын тәмамдаған.

Сахнадағы негізгі рольдері:

У.Шекспирдің «Гамлетінде» Лаэрт, М.Әуезовтің «Қарагөзінде» Сырым,  Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретші» Суретші, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Абзал, Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Балуан Шолақ,  М.Әуезовтің «Абайында» Әбіш, Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» реквиемінде Абай, С.Балғабаевтың «Сағыныш пен елесінде» Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббатында», А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде»,  М.Әуезовтің «Қилы заманында» және т.б.

Кинодағы рольдері:

«Қорғансыздың күні» (реж.Р.Альпиев 2004ж.), «Махамбетте» (реж.С.Тәуекел, 2004ж) Махамбет, «Мұстафа Шоқай» Байдрахман (реж.2005ж.), «Застава» (реж.Қ.Ахметов, 2005ж.), «Ағайындылар» Шыңғыс (реж.А.Сатаев, 2007ж.),  «Возвращение в «А» (реж. Е.Кончаловский, 2008ж.), «Ликвидатор» (реж.А.Сатаев), «Жаужүрек мың бала» Әбілқайыр (реж.А.Сатаев), «Тракторшының махаббаты» Жасұлан (реж.А.Ұзабаев), «Адель» Композитор (реж.А.Бисембин), «Голос степи» (Е.Шинарбаев), «Книга» (реж.Е.Жумагулов), «Замуж в 30» (реж.А.Бисембин), «Аманат» Е.Бекмаханов (реж.С.Нарымбетов), «Дорога к матери», «Так сложились звезды», «Композитор» және т.б.

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016ж), «Құлагер» Ұлттық киносыйлығының иегері (2009ж.)