Әшімова Күлбану Есжанқызы

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Әшімова Күлбану Есжанқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

1953 ж. Талдықорған облысында дүниеге келген.

   - Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжінің хореография бөлімін тәмамдаған соң, өнер жолын «Гүлдер» эстрадалық ансамблінде  биші ретінде бастап, жұмысқа қабылданды.

   - М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы екі жылдық студияны оқып-бітірді. Сол жылы  М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының труппасына актриса қызметіне алынды.

   - Т. Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға  түсіп. театр факультетінде білім алды.

- Ғ. Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрына ауысып, актерлік құрамына қабылданды.

   - Мемлекеттік неміс театрында актерлік құрамға қабылданып көптеген образдар сомдады.

М.Әуезов театры сахнасындағы негізгі рольдері: 

Ұлттық драматургияда: дипломдық жұмыс  М.Әуезовтің «Қарагөзінде»  Қарагөз, «Қобыландысында» Қарлығаш, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» - Нигора, Т.Ахтановтың  «Антында» - қыз, Д.Исабековтің «Әпкесінде» Камила, «Бүгін мейрам, бүгін мейрамында» - қыз, т.б.

Неміс Мемлекеттік театрындағы ойнаған рольдері :  Ә.Бағдаттың  «Рух» қойылымында – баяндаушы,  «Көктемнің оянуы» — Бергман ханым, «Жоқ. Ия» қойылымында – ана, «Неміс тілі – шет тілі ретінде» – Француз әйел, «Тас дәуірдің детективі» —халықтың кеңесшісі, «Өтпелі әлемдерінде» - Джойс, «Войцек» қойылымында  - ана, В.Гауфтың «Карлик нос» қойылымында  - әже, сиқыршы, «Әкем!» - Ешкі, «Дай жару!» – Хильдегард, «Дон Жуанның соғыстан оралуы» – жесір әйел, «Бремен музыканттарында» — қарақшы қыз, «Елім меніңде…» — Карлыгаш, «Исключение и правило» — судья, Ф.Лорканың «Йерма» қойылымында – Долорес,«Сакураның гүлдеген кезінде» — княгиня, «Балхаш туралы аңызда» - жүргізуші т.б.рольдер сомдады.

Актриса мосфильм киностудиясының түсірілімінде «Шыңғысхан» фильмінде  - Борте ролін сомдады.