Айдос Бектемір

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Бектемір Айдос Жұмаділдәұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері

1950 ж. Қарағанды облысында Шет ауданы Қарғалы ауылында  дүниеге келген.

1967-1969 жж. республикалық Эстрада-цирк студиясын көркемсөз жанры артисі мамандығы бойынша оқып-бітірді.

1969-1970 жж. «Қазақконцерт» бірлестігінде, 1970-1972 жж. Орталық Азия Әскери округының  ансамблінде, 1972-1973 жж. Республикалық эстрадалық «Гүлдер» ансамблінде  қызмет етті.

1978 ж. Мәскеудің Щепкин атындағы Театр училищесін бітірді. Осы жылы Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің жолдамасымен еңбек жолын Торғай облыстық музыкалық драма театрында бастап, көп ұзамай Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының актерлік құрамына қабылданды.

2003ж. бастап М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында еңбек етеді.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе», «Сталинге хат» драмаларында Т.Рысқұлов, Ә.Тауасаровтың «Махаббат аралында» Орманшы, Т.Ахтановтың «Күшік күйеуінде» Қабанбай, Абай поэзиясы бойынша қойылған «Қалың елім, қазағымда» Абай, М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Көтібар (реж.Е.Обаев), «Абайында» Оразбай (реж. Е.Обаев), «Еңлік-Кебегіндегі» Кеңгірбай (Х.Әмір-Темір), «Қилы заманында» Ақжелке (реж. Ә.Рахимов), Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» («Махаббат дастаны») Қарабай (реж. Қ.Сүгірбеков), Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» Сыбанқұл (реж. Ә.Мәмбетов), Е.Уахитовтың «Құдаларында» Сейтмәлік (реж.Ә.Рахимов), Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» паң Нұрмағамбет (реж.Е.Обаев), Н.Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» көрші (реж.Н.Жақыпбай), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Мафия (реж. Е.Обаев) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Ә.Әбішевтің «Атыңнан айналайын» драмасында Мәди, «Біздің үйдің жұлдыздарында» Абдолла, Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Штейниц (реж. Р.Андриасян), Н.Гогольдің «Үйленуінде» Яичница (реж. В.Захаров), Т.Муродтың «Ат жылаған түнінде» Зиябек (реж. О.Салимов), Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Граф (реж. О.Салимов) т.б.

Кинорольдері:  

«Сібір» («Мос­фильм»), «Провинциалды роман» («Қырғыз­фильм»), «Шоқан Уәлиханов»,  «Біржан сал» («Қазақфильм»), «Ағайындылар»,  «Мың бала» («Сатай-фильм»),  «Алдар Көсе» т.б.

Режиссерлік жұмыстары (республика театрларында): Ш.Сариев «Мұңым менің», І.Жансүгіров «Күйші», С.Сейфуллин «Аққудың айырылуы», Т.Драйзер «Аяулы Керри», М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай».

ҚР еңбек сіңірген артисі (1996), «Құрмет» орденінің иегері (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016),