Саят Мерекеұлы

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Мерекеұлы Саят, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

1951 ж. Талдықорған облысы Ақсу ауданы Алғабас колхозында дүниеге келген.

1978 ж. Мәскеудің Щепкин атындағы Театр училищесін кино және драма актері мамандығы бойынша бітірген.

1987 ж. бастап М.Әуезов атындағы академиялық драма театрда еңбек етіп келеді.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Абайында»  Абай, Тәкежан  (реж. Ә.Мәмбетов),  Оразбай  (реж.Е.Обаев), «Еңлік-Кебегінде» Қараменде (реж. Х.Әмір-Темір), «Дос-бедел доста» Тарих (реж. Қ.Жетпісбаев), «Қарагөзде» Сырым (реж.Ж.Есенбеков), Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қарабай (реж.Ә.Мәмбетов), Т.Ахтановтың «Жоғалған досында» Мырзахмет (реж.Ә.Мәмбетов), М.Әуезовтің «Қилы заманында»  Әубәкір, Рахымбай, Ұзақ батыр (сахналық нұсқасы. Н.Оразалин, реж. Ә.Рахимов), С.Балғабаевтың    «Тойдан қайтқан қазақтарында» Қошқарбай (реж. Ә.Рахимов), «Ғашықсыз ғасырында» Қайырбай (реж. Ә.Рахимов), Б.Римованың  «Қос мұңлығында»  Ақат (реж. Б.Атабаев), Шахимарденнің «Томирисіндегі» Парсы патшасы Кир (реж. Т.әл-Тарази), С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Нұрым, (реж. Ә.Рахимов), І.Есенберлиннің «Ғашықтарында» Шерубай (реж. Қ.Сүгірбеков), Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» спектаклінде  Оразбай (реж. А.Әшімов, О.Кенебаев), Б.Римова, Б.Атабаевтың «Абай десеміндегі…» Абай (реж. Б.Атабаев), Ш.Құсайыновтың «Үкілі Ыбырайында» Ақан сері (реж. Б.Атабаев), А.Сүлейменовтің «Төрт тақта – жайнамазында» Райфин, «Жетінші палатасында" Скоп, «Қыздай жесір – штат қысқартуында» Сәтов (реж. Ә.Рахимов), Ж.Аймауытовтың «Ақбілегінде» Автор  (реж. А.Әшімов), Ә.Кекілбаевтың «Абылай ханында» Жомарт (реж. Б.Атабаев), С.Жүнісовтің «Кемеңгерлер мен көлеңкелерінде» М.Әуезов (Ә.Мәмбетов), «Өліарасында» Жақай Тайшиев (реж.Ж.Есенбеков), Ә.Ысқақ, Ә.Таразидің «Алатау сынды алыбымда» Ж.Жабаев (реж.Қ.Сүгірбеков), Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Досберген (реж. О.Кенебаев), С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Жақыпбек (реж. Ә.Рахимов), С.Балғабаевтың «Сағыныш пен Елесінде» Хайретдин (реж.Ә.Рахимов), Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Жалғасбек (реж. Е.Обаев),  Н.Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» көрші (реж.Н.Жақыпбай), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Елес (реж. Е.Обаев), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Сырлыбай (реж.Е.Нұрсұлтан) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда – Шекспирдің «Кориоланында» Коминий (ауд. Ә.Кекілбаев, реж. Ә.Мәмбетов), «Юлий Цезарінде» Публий, Варрон  (ауд. Ә.Кекілбаев, реж. Қ.Жетпісбаев), «Асауға-тұсауында» Баптиста (реж. Ә.Мәмбетов), Т.Муродтың «Ат жылаған түнінде» Зиябек (реж.О.Салимов), Мирзагитовтың «Қара жаяуында» Махмуд (реж. Қ.Жетпісбаев), И.Вовнянконың «Апатында» Асан (реж. Ә.Рахимов), Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланында» Ақсақал (реж. Б.Атабаев), Е.Замятиннің «Еділ патша» тарихи драмасында Едіген (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Ю.Коненкин), Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» Жекшенқұл, Председатель, Қасым, (реж. Ә.Мәмбетов), «Ғасырдан да ұзақ күнінде» ревизор, Еділбай (ауд. Ш.Мұртаза, реж.Ә.Мәмбетов), Ж.Мольердің «Ақымақ болған басым-айында!» Сотанвиль (ауд. А.Сүлейменов, реж. Ә.Рахимов), М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде» Дәруіш («Күнәһар», ауд. Ә.Кекілбаев, реж. О.Кенебай), Софоклдың «Эдип патшасында» Хор (ауд. Х.Ерғалиев, реж. Ә.Мәмбетов), Н.Гогольдің «Парасында» Земляника (реж. Е.Обаев), Г.Джованинидің «Ренальдо шықты майданға» Ренальдо (реж. В.Смирнов) т.б

Кинорольдері:

«Махаббат бекеті» – мектеп директоры (реж. Т.Теменов), «Сардар» – Хангелді (реж. Б.Қалымбетов, 2002),  «Біржан сал» – Нұржан (реж. Д.Жолжақсынов, 2009), «Репортаж из камеры» – Судья (реж. Т.Теменов), «Махаббат жағалауы» – Әке (реж. М.Бидосов), «Қарой» – Ауыл тұрғыны, «Ауылым-әнім» – Жанкүйер (С.Құрманбеков), «Бақсы» – Авторитет (реж. Г.Омарова), «Прыжок Афалины» – Әке (реж. Э.Оразбаев), «Махамбет» – Шаруа (реж. С.Тәуекелов), «Байқоңыр» – Ауылбасы (реж. Ф.Хельмер), «Астана – жүрегім менің» – Әке (реж. Е.Кончаловский), «Мың бала» – Болатхан (реж. А.Сатаев), «Қарсы тексеру» – Қария (реж. Д.Қожахан), «Алдар көсе» – Сақмырбай (реж. Д. Махаметдинов) т.б.

Театрдың дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінің бірнеше мәрте жүлдегері.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2010), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016).