Гүлнар Жақыпова

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Жақыпова Гүлнар Хабиқызы, Қазақстанның халық артисі, «Құрмет» орденінің иегері.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген.

1974 ж. Орал облысы Казталов ауданындағы орыс орта мектебі және балалар музыкалық мектебін аяқтаған.

1974-1978 жж. Алматыдағы Құрманғазы атындағы Өнер институты театр факультетінің актерлік бөлімін оқып-бітірді.

1974-1993 жж. Гурьев облыстық драма театрында, 1993-2001 жж. Батыс Қазақстан облыстық драма театрында жұмыс істеген.

2001 ж. бастап  М. Әуезов атындағы драма театрында қызмет етеді.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда– Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектакліндегі Баян (реж. Мен Дон Ук), «Махаббат дастанында» Мақпал (реж. Қ. Сүгірбеков), М. Әуезовтің «Абайында» Қарлығаш (реж. Ә. Мәмбетов), М. Әуезовтің «Қарагөзінде» Мөржан (реж. Б. Атабаев), «Айман-Шолпанында» Теңге (реж. Е. Обаев), Д. Исабековтің «Әпкесінде» Қамажай (реж. Б. Омаров), А. Оразбековтың «Алма ағашында» Әлия, И. Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Баронесса (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай), Е. Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?!.» комедиясында Апа (реж. М. Ахманов), Т. Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Ана (реж. Е. Обаев), С.Асылбекұлының «Империядағы» кешінде» Нұрсұлу (реж. А. Кәкішева), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Маруся (реж. Е.Обаев), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Түрік кемпір (реж. А.Кәкішева) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда  У. Шекспирдің «Асауға-тұсауында» Катарина (реж. Б. Омаров), У. Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Сүт ана (реж. О. Салимов), Володиннің «Екі жебесінде» Бақа (реж. Ч. Зулхашев), М. Каорудың «Шығыстағы бір бейбағында» Кей (реж. Мен Дон Ук), Ш. Башбековтің «Шойын қатынында» Ғаламат (реж. Е. Жылқышынов), Г .Гориннің «Атың шықпаса…» Эрита («Забыть Герострата», реж. А. Оразбеков), М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшысында» Елена (реж. О. Кенебаев), Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Паола Клотильда (реж. Р. Андриасян), Ф. Буляковтың  «Отыз ұлың болғаншасында» Ақлима (реж. Ә. Рахимов), Т. Жүженоғлының «Көшкінінде» Кіндік шеше (реж. А. Кәкішева) т.б

Кинорольдері:

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» (реж. Ә. Әшімов) – Күнекей, «Ақсұңқар» (реж. М. Бидосов) – Бәйбіше.

Телебағдарламаларда:

«Хабар» телеарнасындағы «АБВГДейка», «7» телеарнадағы «Жар-жар» бағдарламаларына белсенді қатысты. «Қазақстан» телеарнасында «Айналайын» сериалында Құдағи, «Ел арна» арнасындағы «Әсел және оның достары» сериалында Әйел рольдерін орындады.

Қазақстанның халық артисі (1998).

«Құрмет» орденінің иегері (2013).