Мұрат Нұрәсілов

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Нұрәсілов Мұрат, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

1949 ж. Талдықорған облысы Қапал ауданы Қоңыр ауылында дүниеге келген.

1980 ж. Алматы Театр және Көркемсурет институтын бітіргеннен бері М. Әуезов атындағы драма театрының актерлік құрамында.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: А. Сүлейменовтің «Ситуациялар» триптихінде «Төрт тақта – жайнамаз»  Райсобес, «Жетінші палата» Өріков, «Қыздай жесір–штат қысқартуында" Аханов (реж. Ә. Рахимов), Қ. Мырзалиевтің «Түрт, сайтаным, түртінде» Алдар көсе, Ә. Кекілбаевтің «Абылай ханында» Ойрат елшісі (реж. Б. Атабаев), С. Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтарында» Асай Мүсеевич, М. Әуезовтің «Қилы заманында» Нүке  (реж. Ә. Рахимов), М. Әуезовтің «Еңлік – Кебегінде» Кембай (реж. Х. Әмір-Темір), «Абайында» Сырттан (реж. Е. Обаев), І. Есенберлиннің «Ғашықтарында» Шерубай (реж. Қ. Сүгірбеков), М. Ғапаровтың «Тұзды шөлінде» Қараев (реж. Т. әл-Тарази), С. Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Жұмабай (реж. Ә. Рахимов), Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала-бейнесінде» Шұлғаубай (реж. Б. Атабаев), Ө. Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Басқарма (реж. О. Кенебаев), Ә. Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Әкім (реж. Ә. Рахимов), Д. Исабековтің «Мұрагерлерінде» Комиссия мүшесі (реж. О. Кенебаев), М.Мақатаевтың «Ақын… Періште… Махаббатында» Жанторсық (реж. Ә. Рахимов), Т. Нұрмағанбетовтің «Қожанәсір тірі екенінде» Сақбөрі (реж. О. Кенебаев), Т. Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Балтабай (реж. Ә. Рахимов), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Ауылбасы (реж. А. Кәкішева) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда:   Шекспирдің «Кориоланында» Сициний (ауд. Ә. Кекілбаев, реж. Ә. Мәмбетов), М. Кәрімнің «Күнәһарында» ақсақал (реж. О. Кенебаев), Ш. Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романы бойынша қойылған спектакльдегі күйеу бала Мұрат (реж. Ә. Мәмбетов), К. Гоццидің «Турандот ханшайымында» Барах (реж. Т. Әл-Тарази), С. Ваннустың «Сұлтан болсам егер менін де…» Жаналғыш (реж. Т. әл-Тарази), В. Покровскийдің «Жуастан-Жуанында» Жорабек (реж. Н. Тұтов), Е. Замятиннің «Еділ патшасында» сенатор Максимин (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Ю. Коненкин) т.б.

 Кинорольдері:

«Өрнек» – зоотехник Жарас (реж. А. Әлпиев), «Жансебіл» – НКВД адамы (реж. А. Шәжімбаев), «Махамбет» – Би (реж. С. Тәуекелов), «Ауылым – әнім» ауылтұрғыны (реж. С. Құрманбеков), «Байқоңыр» – Ата (реж. Ф. Хельмер);  телесериалдарда: «Қарашегіртке» – Маргоның жұбайы,  «Құрдастар» – веттехник,  «Айналайын» – ауыл тұрғыны т.б. 

Актердің дубляжда жемісті еңбек етіп жүргенін де айту шарт.

Театрдың дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінің  бірнеше мәрте жүлдегері.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2006).

«ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалінің иегері (2001).