Данагүл Темірсұлтанова

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Темірсұлтанова Данагүл  Қайырсапақызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында дүниеге келген.

1987 ж. Т.Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтының театр факультеті актерлік бөлімін бітірген соң,  жолдамамен М.Әуезов театрына келді.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда:  М.Әуезовтің «Қарагөзінде» Қарагөз, «Айман-Шолпанында» Айман (реж. Е.Обаев),  «Абайында» Қарлығаш (реж. Е. Обаев), Ә. Кекілбаевтың «Абылай ханында» Топыш (реж. Б. Атабаев),  Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Ләйлә (реж. Б. Атабаев), Б.Мұқайдың «Тоят түнінде» Перизат, «Сергелдең болған серілерінде» Айжан (реж. О.Кенебаев), Е.Аманшаевтың  «Үзілген бесік жырында» Алмагүл, М. Мақатаевтың «Қош, махаббатында!» Зағыш, Б.Римованың «Қос мұңлығында» Самал, Т. Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Зира (реж. Е.Обаев), Ә.Ақпанбетұлының «Дүние-думанындағы» Айман (реж. Қ.Сүгірбеков), Шахимарденнің «Томирисіндегі» Амага (реж. Т. әл-Тарази), Д. Исабековтің «Актрисасында» Айгүл (Н.Жұманиязов), Қ.Мұхамеджановтың «Көктөбедегі кездесуінде» Гүлжан (реж. О.Кенебаев),  Д.Исабековтің «Мұрагерлерінде» Сызғанова (реж. О.Кенебаев), Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?..» комедиясында Апа (реж. М.Ахманов), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Ауылбасының әйелі (реж. А. Кәкішева)  т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда:  Б.Томастың  «Мен сіздің әпкеңізбінінде» Элла, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Нигора, А.Чеховтың «Шағаласында» Заречная, Мольердің «Ақымақ болған басым-айында» Анжелика, Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Оттилия (реж. Р.Андриасян), Т.Муродтың «Ат жылаған түніндегі» Мамасұлу, Г.Гориннің «Атың шықпасасында…» Клементина, Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында»  Келін (реж. Е.Обаев), Ү.Ғаджыбековтің «Аршын мал аланында» Әсия (реж. Т.әл-Тарази), А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Ольга  (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева) т.б.

Кинорольдері:

«Ақсақалға арналған жарыс», «Бұғы-адам», «Асу», «Шегіртке» кинофильмдерінде басты рольдерге және «Еңлік-Кебек» бейнефильмінде Еңлік роліне түсті.

1987 ж. бері «Тамашада», кейінірек өзі құрысқан «Аққу-Гәкку» ойын-сауық отауында әлеуметтік-қоғамдық өткір әзілдерімен көпшіліктің көңілінен шығып келеді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008).

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016).