Бақтияр Қожа

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Қожа Бақтияр Абдуллаұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері.

1957 ж. Ташкент қаласында дүниеге келген.

1980 ж. театр студиясын бітірген соң, Ғ. Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының актерлік құрамына қабылданды.

1993 жылдан М. Әуезов драма театрында қызмет етеді.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Абайында»  Керім  (реж. Ә. Мәмбетов), «Қарагөзінде» Тойсары (реж. Б. Атабаев), «Еңлік-Кебегінде» Көбей (реж. Х. Әмір-Темір), «Қилы заманында» Прокурор (сахналық нұсқасы: Н. Оразалин, реж. Ә. Рахимов), М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсінде» Сәрсен, Ғ. Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Қарабай,  Б. Мұқайдың «Өмірзаясында» Зұлқарнай (реж. Қ. Сүгірбеков),  И. Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Абзал (Е. Обаев, Т. Аралбай), Шахимарденнің «Томирисінде» Ардашир (реж. Т. әл-Тарази), Т. Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Қыдырәлі, С. Асылбекұлының «Күзгі романсында» Сайлау (реж. Ә. Рахимов), Е. Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?» комедиясында Ата (реж. М. Ахманов), Д. Исабековтің «Мұрагерлерінде» Сызғанов, Т. Нұрмағанбетовтің «Қожанәсір тірі екенінде» Өзбек, М. Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» драмасында Таубай (реж. О. Кенебаев),  Т. Әбдіковтың  «Ұлы мен Ұры» қойылымында журналист (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Әкім (реж. Е.Обаев), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Неміс шал (реж. А.Кәкішева) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: У.Шекспирдің «Гамлетінде» Гамлет (реж. Ю. Ханинга-Бекназар), «Ромео мен Джульеттасында» Лоренцо (реж. О. Салимов), А. Чеховтың «Шағаласында» Тригорин (реж. Б. Атабаев), Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Өсіпбай, М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшысында» Андрей Васильевич (реж. О. Кенебаев), К. Аширдің «Қабыл – Адам ата перзентінде» Қабыл (реж. К. Ашир), Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» профессор Вольфган (реж. Р. Андриасян), Н. Гогольдің «Үйленуінде» Жевакин (реж. В. Захаров), Б. Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында» Ұл (реж. Е. Обаев), Т. Жүженоғлының «Көшкінінде» Шал (реж. А. Кәкішева) т.б.

Дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінде бірнеше рет бас жүлдеге ие болды. Бірнеше халықаралық фестивальге қатысқан.

Кинорольдері:

«Тоғысқан тағдырлар» сериалында Сапар (реж. А. Қарпықов), «Қара шегірткеде» Ескендір Шыңғысов, Арман Шыңғысов (реж. А. Қарпықов), «Офицер мырзаларда» Нұралы Асланбеков, «Сталинге сыйлықта» Балғабай (реж. Р. Әбдірашев), «Қайрат, чемпион!» фильмінде жас жігіт (реж. Д. Куклин), «Алқызыл қоян туралы аңызда» Жанның әкесі, «Екі пистолетте» ІІМ полковнигі (реж. Д. Куклин), т.б.

  ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2009), «Құрмет» орденінің иегері (2003), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016).