Жоламан Әміров

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

.Әміров  Жоламан, актер, Қазақстанның «Құрмет» орденінің иегері.

1957 ж. Алматы облысы Райымбек ауданының Көлсайында дүниеге келді.

1978-1980 ж ж. Республикалық цирк және өнер студиясының домбыра факультетінде профессор Құбыш Мұхитовтың класын бітіріп шықты.

1984-1986 ж ж. М. Әуезов атындағы драма театры жанындағы актерлік студияны бітіріп, театрға жұмысқа қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: Н. Әбутәлиевтің «Өттің, дүние…» спектаклінде Махамбет (реж. Ә.Рахимов), Ш.Құсайыновтың «Алдар Көсесінде»  Алдар Көсе (реж. Ә. Мәмбетов), М. Әуезовтің «Қобыландысында»  Аққозы, «Қарагөзінде»  Дулат және Жарылғап (реж. Ә.Мәмбетов), Е.Домбаевтың «Желіккен жеңгейлерінде» Төлеген, Ә. Кекілбаевтың «Абылай ханында» Тойсары (реж. Б.Атабаев), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Қабен және Сұлтан (реж. Б. Омаров), М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында»  Жантық (реж. Е.Обаев), С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Мауытбаев (реж. Ә.Рахимов), И. Сапарбаевтың «Сыған серенадасында»  Барон (реж. Е. Обаев, Т.Аралбай), Қ.Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында»  Орта жүз биі (реж. Т. әл-Тарази), Т. Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында»  Нарбол (реж. Ә.Рахимов), Шахимарденнің «Томирисінде» Морт (реж. Т.әл-Тарази), Б. Мұқайдың «Өмірзаясында» Наполеон, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Бақсы (реж. Ә.Рахимов), М.Әуезовтің «Абайында» Нарымбет (реж. Е.Обаев), «Қилы заманында» Түнқатар (сахналық нұсқасы:Н.Оразалин, реж. Ә.Рахимов), И.Сапарбайдың «Қыз мұңында» Генерал (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Жынды (реж. Е.Обаев), А. Сүлейменовтің «Адасқақ» драма-диалогында Паң Нұрмағанбет (реж. Ә. Рахимов) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: У. Шекспирдің «Асауға-тұсауында» Гремио (реж. Ә.Мәмбетов), Мольердің «Ақымақ болған басым-ай» комедиясында  Сотанвиль (реж. Ә. Рахимов), Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббатында»  Пастер (реж. Р.Андриасян), Н. Хикметтің «Фархад-Шырынында» Жұлдызшы (реж. А. Әшімов), Е. Уахитовтың «Құдаларында»  Момын (реж. Ә.Рахимов), Т. Муродтың «Ат жылаған түнінде» Жырау (реж. О.Салимов), А. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Ферапонт (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А. Кәкішева) т.б.

Ж. Әмірұлы «Өмірге», «Анама», «Әкеме», «Өкініш», «Туған жер», «Жанымның жан жарасы – өкініш», «Тау – Шелек вальсі» атты өлеңдердің авторы.

Ж. Жабаев атындағы халықаралық конкурстың жеңімпазы.

ҚР Президентінің  «Құрмет» грамотасымен (2004) және Ш. Аймановтың 90 жылдығына арналған «Театр көктемі» фестивалінде әншілік шеберлігі үшін дипломымен марапатталды. "Құрмет" орденінің иегері.