Омар Қыйқымов

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Қыйқымов Омар Жұмабекұлы, Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері.

1959 ж.  Алматы облысы Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылында  дүниеге келді. 1982 ж. М. Әуезов атындағы театр жанындағы студияны бітіріп, театрдың актерлік құрамына қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: Ғ. Мүсіреповтің «Амангелдісінде» Мұңайтпас, М. Әуезовтің «Абайында» Нарымбет, Оразбай (реж. Ә. Мәмбетов) Баймағамбет  (реж. Е. Обаев) «Айман-Шолпанында» Көтібар, Арыстан (реж. Ә. Мәмбетов), Маман (реж. Е. Обаев), «Қарагөзінде» Жарылғап (реж. Б. Атабаев), «Қилы заманында» Ақжелке (сахналық нұсқасы Н. Оразалин, реж. Ә. Рахимов), С. Жүнісовтің «Кемеңгерлер мен көлеңкелер» драмасындағы Сәбит Мұқанов,  О.Бөкеевтің "Құлыным меніңде" Дулат (реж.Қ.Жетпісбаев), Б. Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» комедиясындағы Нұрбай, Н.Әбуталиевтің «Өттің, дүниесінде» Исатай (реж.  Е. Обаев),   С. Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Мауытбаев (реж. Ә. Рахимов), Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала-бейнесінде» Пысықай (реж. Б. Атабаев), А. Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Қайрақбай (реж. О. Кенебаев), Д. Исабековтің «Актрисасында» Ерден (реж. Н. Жұманиязов), Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Досберген (реж. О. Кенебаев), Т. Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Балтабай (реж. Ә. Рахимов), Д. Исабековтің «Жаужүрегінде» Балуан Шолақтың әкесі (реж. Е.Обаев), С. Асылбекұлының «Империядағы» кешінде» Сұлтанбек (реж. А. Кәкішева), Т. Әбдіковтің «Ұлы мен Ұры» драмасында Жарқынбек (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Казаков (реж. Е.Обаев), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Ауылбасы (реж. А. Кәкішева), А. Сүлейменовтің «Адасқақ» драма-диалогында Жанбота (реж. Ә. Рахимов) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Ш. Айтматовтың «Ақ кемесінде» Құлбек, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Цинна, М. Булгаковтың «Жендеттерінде» Бутон (реж. В. Мажурин), Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Винтер (реж. Р. Андриасян), Н. Гогольдің «Парасында» Осип (реж. Е. Обаев), «Үйленуінде» Яичница (реж. В. Захаров), Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Капулетти (реж. О. Салимов), Б. Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында» Саңырау шал (реж. Е. Обаев), Т. Жүженоғлының «Көшкінінде» Еркек (О.Қыйқымов, реж. А.Кәкішева) А. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Чебутыкин  (ауд.Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева) т.б.

Кинорольдері:

«Өгей әке», «Тоғызыншы ұлдан сақтан!», «Қара бала», «Намыс», «Заман-ай», «Махамбет», «Көшпенділер», «Біржан сал» т.б. фильмдердегі әрқилы рөлдері актердің шығармашылық биіктері.

«Ісім ізім», «Қилы заман», «Молықбай қобызшы», «Шығыс жұлдыздары» телефильмдеріне түскен.

Актердің әдемі жырлары, жарасымды әзілдері республикалық баспасөзде жиі жарияланып тұрады. Т. Жүженоғлының «Көшкін» драмасын, Гогольдің «Үйлену» комедиясын, И.Вовнянконың "Қаза мен жаза" криминалдық  драмасын қазақ тіліне аударған.

«ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері (2011).

ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2012).