Ерлан Біләл

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Соңғы баспасөз:

14.04.2016

Абай

Біләл Ерлан Әбділдаұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденінің иегері, «Құрмет» орденінің иегері

1971ж. Алматы облысы Райымбек ауданы  Текес ауылында дүниеге келген.

1993ж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген. Осы жылы М.Әуезов театрының актерлік тобына қабылданды.

2011ж. 12 қыркүйегінен бастап театр директорының орынбасары;

2014 ж. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған.

2015 ж. 27 сәуірінен 2018 жылға дейін театр директоры.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Абайында»  Керім, «Қарагөзінде» Сырым (реж. Ә.Мәмбетов), «Еңлік-Кебегінде» Кебек (реж. Ж.Хаджиев), «Айман-Шолпанында» Әлібек (реж.Е.Обаев), «Абайында» Абай (реж.Е.Обаев), «Қилы заманында» Ұзақ батыр (сахналық нұсқасы.Н.Оразалин, реж.Ә.Рахимов),  Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Балуан Шолақ (реж.Е.Обаев),  Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында» қарияның ұлы (реж.Е.Обаев), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Шәмші (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай), «Қыз мұңында» генерал (реж.Е.Обаев, Т.Аралбай), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Қозы («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», реж.Қ.Сүгірбеков), Д.Амантайдың «Сәлеметсің бе, Қоңыр мұңында» Қаранар,  Б.Мұқайдың «Өмірзаясында»  Жас жігіт (реж. Қ.Сүгірбеков), Ш.Құсайыновтың «Үкілі Ыбырайында» Ыбырай, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Сұлтанмахмұт (реж.Б.Атабаев), Ә.Таразидің  «Ақын… Періште…Махаббатында…» Ақын (реж. Ә.Рахимов),  М.Ғапаровтың «Тұзды шөлінде» Темір, Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» Мұхаммед Шайбани (реж. Т.әл-Тарази), Иран- Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?..» реквиемінде Құнанбай (реж.О.Кенебаев) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда:  Шекспирдің «Асауға – тұсауында» Грумио (реж.Ә.Мәмбетов), К.Гоццидің  «Турандот ханшайымында» Калаф (режиссері Т.әл-Тарази), Чеховтың «Шағаласында» Треплев (реж.Б.Атабаев), Гогольдің «Ревизорында» Бобчинский («Пара», реж.Е.Обаев), Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Ганефельд (реж.Р.Андриасян), Н.Хикметтің «Фархад-Шырынында» Уәзір (реж. А.Әшімов), Ү.Гаджибековтің «Аршын мал аланында» Әскер (реж. Т.Әл-Тарази), А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Вершинин (ауд.Ә.Бөпежанова, реж.Р.Андриасян, А.Кәкішева), У.Шекспир «Отеллосында» – «Отелло» (реж. Н.М.Птушкина) т.б.

Театрдың дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінің  бірнеше мәрте жүлдегері.

ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты (2002 ж.), ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2007 ж.),  Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының аға оқытушысы (2008 ж.), «Құрмет» орденінің иегері (2016 ж.).

Кинорольдері: 

«Біржан сал» Сал-сері (реж. Д.Жолжақсынов), «Сіз кімсіз, К. мырза?» тіс дәрігері (реж. К.Ахметов), «Балалық шағымның аспаны» – ән пәнінің мұғалімі  (реж. Р. Әбдірашев), «Ата-жұрт» мектеп директоры (реж. С.Тәуекелов).

Белгілі актер «Хабар» телеарнасында «Алтыбақан», «Кеш қалмаңыз», «Атамекенді» бағдарламаларының жүргізушісі ретінде де кеңінен танымал. Фильмдердің қазақ тілінде көркем  шығуына, яғни дубляжға да атсалысып жүр.