Меруерт Омарбекова

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Омарбекова Меруерт Төлегенқызы, актриса.

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге  келген.

1979-1984жж. Театр және Көркемсурет институтында (қазіргі Өнер Академиясы)  білім алды.

1984-1986 Шығыс Қазақстан облыстық Семейдің Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында қызмет етті.

1986 жылдың желтоқсан айында  М. Әуезов атындағы академиялық драма театрына  қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: Е. Домбаевтың «Біздің кластың қыздарында» Шолпан, Ә. Тәжібаевтың «Махаббат, Мә-әхаббатында» Несібелі, Е. Аманшаевтың «Үзілген бесік жырында» әйел, Т. Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында»  Күйкетай (реж. Ә.Рахимов), М. Мақатаевтың «Қош, махаббатында» Зина, Айша (реж. Б.Атабаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Кемпірлерден шыққан дауында» Келін (реж. Б.Атабаев), Ө.Боранбаевтың «Көкбөрісінде» Гүләйім, М.Әуезовтің «Қарагөзінде» Ақбала (реж. Б.Атабаев), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Көрші әйел (реж. Б.Омаров), Ә. Ақпанбеттің «Дүние-думанында»  Зина (реж. Қ.Сүгірбеков), Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала-бейнесінде» Ұзынғайша (реж. Б.Атабаев), С.Балғабаевтың «Сағыныш пен Елесінде»  Елес (реж.Ә.Рахимов), Т.Нұрмағанбетовтің «Қожанәсір тірі екенінде»  оппазиәйел (реж. О.Кенебаев),  Ә.Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» – Жібекше (реж. Ә.Рахимов), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Сыған әйелі (реж. Е.Обаев), И.Вовнянконың «Қаза мен жаза» драмасында Шапиға (реж. А.Әшімов, С.Асқаров), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Жәмилә (реж. А.Кәкішева т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Н.Хикметтің «Фархад – Шырынында» – Мехменебану (реж.А.Әшімов), Ф. Эрвенің «Түлкі бикешінде» – Дениза (реж. Ә.Мәмбетов), И.Дмитриевтің «Қайырымды Айдаһарында»  Ханшайым Линь, В. Смеховтың «Мың бір түнінде» Зейнаб (реж. Т.Аралбай), Б.Брехттің «Тоғышардың тойында» Айша, А.П. Чеховтың «Шағаласында» Маша (реж. Б.Атабаев), Е.Уахитовтың «Құдаларында» Шапағат (реж. Ә.Рахимов), Гогольдің «Парасында» Авдотья (реж.Е.Обаев),  «Үйленуінде» Арина Пантелеймоновна (реж. В.Захаров) т.б.

«Парыз» телехикаясына, «Көктем ертегі», «Қымызхана», «Театр юморы» телебағдарламаларына белсенді қатысқан.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016).