Азат Сейтметов

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Сейтметов Азат Райымбекұлы,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

1964ж. Алматы қаласында дүниеге келген.

1982ж. Алматы Мемлекеттік Театр және көркемсурет институтының «Кино және театр актері» факультетіне түскен.

1983-1985жж. аралығында әскери борышын өтеп, институтты 1988ж.  бітірді.

1988ж. жолдамамен М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа қабылданды. Ғ.Мүсірепов атындағы  Жасөспірімдер мен балалар   театрында, сондай-ақ бірер жыл өзге салада жұмыс істеп,  2003 жылы қайта М.Әуезов театрына оралды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Абайында» Долгов (реж. Е.Обаев), «Қарагөзінде» Матай (реж. Б.Атабаев), «Еңлік-Кебегінде» Абыз (реж. Х.Әмір-Темір), М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» Жорабек (реж. О.Кенебаев), Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» Шөмбай (реж. Е.Обаев), С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Сайлау (реж. Ә.Рахимов), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Алеко (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай), Б.Мұқайдың  «Сергелдең болған серілерінде» Байбол,   Д.Исабековтің  «Мұрагерлерінде» Сызғанов (реж. О.Кенебаев), «Жаужүрегінде» Ақылбай (реж. Е.Обаев), «Актрисасында» Самат (реж. Н.Жұманиязов), Иран-Ғайыптың «Мен келемінінде» Шибұт (реж. Қ. Қасымов), Ә. Таразидің «Ақын… Періште… Махаббатында» Скрипкашы, Т. Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Шұбараяқ ояз, Ә. Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Шотбай, Т. Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Барбол (реж. Ә. Рахимов), Н. Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Асылхан (реж. Е. Обаев), Қ. Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында» Қойгелді (реж. Т. әл-Тарази), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Әкім (реж. Е.Обаев), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Неміс шал (реж. А.Кәкішева)  т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда – Шекспирдің «Гамлетінде» Лаэрт (ауд. Ә. Кекілбаев, реж. Ю. Ханинга-Бекназар), Н. Гогольдің «Үйленуінде» Жевакин (ауд. О. Қыйқымов, реж. В. Захаров),  Т. Жүженоғлының «Көшкінінде» Шал (реж. А. Кәкішева), М. Байджиевтің «Қылмысында» Назар (реж. О. Акжаркын-Сәрсенбек) т.б.

Театрдың дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінің жүлдегері.

Кинорольдері:

«Раритет», «Періште» (реж. Ә. Әлпиев) , «Лейтенант С» (реж. Т. Аргыншиев),  «Айналайын» (реж. Б. Қалымбетов), «Қара шегіртке» (реж. С. Өтепбергенов),  «Балалық шағымның аспаны» (реж. Р. Әбдірашев), «Рэкетир»  (реж. А. Сатаев),  «Әсел және оның достары мен құрбылары» (реж. А. Қарпықов), т.б.   фильмдеріне түскен.