Шынар Жанысбекова

Жанысбекова  Шынар Жеңісқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Алматы облысы  Ұйғыр ауданы Ақтам ауылында дүниеге келді.

1990ж. Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтын  «Театр және кино актрисасы» мамандығы бойынша бітірген.

1991жылдан М.Әуезов театрының актерлік құрамында қызмет етеді.

Сахнадағы негізі рольдері:

М.Әуезовтің «Абайында» Ажар (реж. Ә.Мәмбетов), «Еңлік-Кебегінде» Еңлік (реж. Ж.Хаджиев), Б.Брехттің «Тоғышардың тойында» Әпке (реж. Б.Атабаев), М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде» Шафақ («Күнәһар», реж. О.Кенебаев),  Д.Исабековтің «Әпкесінде» Кәмила, Гаухар (реж. Б.Омаров), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Мақпал (реж. Қ.Сүгірбеков), С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Қалиса (реж. Ә.Рахимов), Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Бағила (реж. Б.Атабаев), Ш.Құсайыновтың «Үкілі Ыбырайында» Хакима (реж. Б.Атабаев), М.Мақатаевтің «Қош, махаббатында» Айша (реж. Б.Атабаев), В.Смеховтің «Мың бір түн» бойынша қойылған «Әлі баба және қырық қарақшы» мюзиклінде Зейнаб (реж. Т.Аралбай),  Шахимарденнің «Қазақтарында» Мехри ханум  (реж. Т.әл-Тарази), Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Сайра (реж. О.Кенебаев), И.Сапарбаевтың «Сыған серенадасында» Изольда (реж. Е.Обаев, Т.Аралбаев), Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде»  Қали (реж. Е.Обаев), Иран-Ғайыптың «Мен келемінінде» Ақмұнар (реж. Қ.Қасымов), Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында» Келін (реж. Е.Обаев), Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?!.»  комедиясында Айка (реж. М.Ахманов), А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Наталья Ивановна (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева), Р.Отарбаевтің «Бейбарыс сұлтанында» Фатима (реж. Ю.Ханинга-Бекназар), Ж.Ерғалиевтің «Қас қағымында» Тамара (реж. Е.Нұрсұлтан), Иран Ғайыптың «Қорқыттың көрінде» Жаналғыш ажал (реж. Й.Вайткус), И.Вовнянконың «Қаза мен жазасында» Шапиға (реж. А.Әшімов, С.Асқаров), А.Володиннің «Қоштасқым келмейдісінде» Козлова (реж. А.Маемиров), Б.Брехтің «Көкектің әнінде» Дженни-бүлдірген (реж. Е.Нұрсұлтан), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Аягөз (реж.Е.Нұрсұлтан) т. б.

Кинодағы рольдері:

«Қазақы оқиға» көркем фильмінде Тұмар (реж. Д.Манабай), «Қыз жылағанда» Тұмар (реж. С.Нарымбетов), «Жол сәулесінде»  Сәуле (реж. Ж.Жетіруов), «Қара шаңырақта» Жанна (реж. М.Нарымбетов), «Залалсыздандырушыда» Ана (реж. А.Сатай), «Мент» фильмінде  Шынар (реж. Ж.Көшербаев), «Аманатта» Хадиша Айдаровна (реж. С.Нарымбетов), «Ақсұңқар» музыкалық фильмінде Теңге, «Тақиялы періште - 2» көркем фильмінде Құттықыз (реж. Н.Сыдық), сондай-ақ, «Айналайын» телесериалында Сәуле, «Жас ұлан» телесериалында Ана, «Арман қала – Астана» телесериалында Дәрігер, «Әке» телесериалында мектеп директоры (реж. А.Ұзабаев), «Судағы із» телесериалында Райхан (реж. Т.Теменов), «Әпке» телесериалында Ана (реж. М.Бидосов),  «Іңкәр жүрек»  телесериалында Келіншек (реж. Ж.Тұматаев) т.б.

Көркем дубляж саласында: 

«Астана – махаббатым менің» телесериалында, «Әурелең» фильмінде  (реж. С.Құрманбеков), «С новом годом мамы» фильміндегі Вера Евгеньевна сияқты  басты кейіпкерлердің ролін қазақша сөйлеткен.

«Хабар» телеарнасындағы «77 күн», «Әйелдер-ай, әйелдер…», «Дудар-ай» бағдарламаларының жүргізушісі болды.

Көптеген әлеуметтік жарнамаларға түскен.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016).