Асылбек Боранбай

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Боранбай Асылбек Райханұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты.

1972 ж. Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген.

1989-1993 ж ж. Т. Жүргенов атындағы Театр және кино институтын оқып-бітірді.

1993 ж. М. Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды.

 Сахнадағы негізгі рольдері:

 Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Арыстан (реж. Е. Обаев), «Қарагөзіндегі» Сырым (реж. Б. Атабаев), «Абайында» Әзімхан, Керім (реж. Е. Обаев), «Қилы заманында» Әубәкір (сахналық нұсқасы: Н. Оразалин, реж. Ә. Рахимов), Т. Мәмесейіттің «Бәкей кызында» Жәмеңке,  С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Мүсәпір (реж. Ә. Рахимов), Ғ. Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Жарқын (реж. Қ. Сүгірбеков), Б. Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» комедиясында Ақын (реж. О. Кенебаев), Д. Исабековтің «Актрисасында» Коммерсант (реж. Н. Жұманиязов), «Жаужүрегінде» Долгоносов (реж. Е. Обаев), И. Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Алеко (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай), Ә. Рахимовтың «Қылмыскерге куәлігіндегі» Боян (реж. Ә. Рахимов), Шахимарден мен Қ. Ысқақтың «Қазақтарында» Қасым хан (реж. Т. әл-Тарази), Шахимарденнің «Томирисіндегі» Кир патша (реж. Т. әл-Тарази), Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесіндегі» Артист (реж. Б. Атабаев), М. Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» Жорабек (реж. О. Кенебаев), Т. Әбдіковтің «Ұлы мен ұры» драмасында Ұры (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Гогольдің «Парасында» Хлестаков (реж. Е. Обаев), «Үйленуінде» Подколесин (реж. В. Захаров), М. Кәрімнің «Күнәһарында» (Ай тұтылған түн) Ялсығұл (реж. О. Кенебаев), Н. Хикметтің «Фархад-Шырынында» Ашраф (реж. А. Әшімов), Б. Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында» Ұл (реж. Е. Обаев), М. Байджиевтің «Қылмысында» Милиционер (реж. О. Сәрсенбек), Ф. Буляковтың «Отыз ұлың болғанша…» қойылымында Бастық (реж. Ә. Рахимов), Е. Уахитовтың «Құдаларында» Қылышбек (реж. Ә. Рахимов) т.б.

«Тамаша» ойын-сауық отауында 1994 ж. бері үзбей еңбек етіп келеді. 2008 ж. бері осы ұжымның көркемдік жетекшісі, бас режиссері.

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (2002), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011), «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері (2011), «ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері (2016).