Шынар Асқарова

Асқарова Шынар Мұқанқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан  Жастар одағы сыйлығының  лауреаты, мәдениет қайраткері.

Семей облысы Ақсуат ауданында дүниеге келген.

1989-1993жж. Т.Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет өнері институтының «Театр және кино» факультетінде білім алды. 1993ж. бастап  М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы.

Сахнадағы  рольдері:

К.Гоццидің «Турандот ханшайымында» Адельма,  М.Әуезовтің «Қарагөзінде» Қарагөз, «Қилы заманында»  Бәкей,  «Абайында» Ажар, Әйгерім, М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында» Зағыш, Гогольдің «Парасында» Мария Антоновна, Мольердің «Ақымақ болған басым-ай» комедиясында Клодина, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Бағила, А.Сүлейменовтің «Қыздай жесір – штат қысқартуында» Үрия, «Жетінші палатасында» Любава,  И.Ғайыптың «Шыңғысханында» әйелі, Б.Римованың «Абай десемінде» Тоғжан, Покровскийдің «Жуастан-жуанында» Сәния, І.Есенберлиннің «Ғашықтарында» Ұлбосын, Б.Майлин мен Қ.Ысқақтың «Сабатаж-ж» комедиясында Ләйлә, Ә.Ақпанбеттің  «Дүние-думан» комедиясында Айман,  Шахимарденнің «Томирисінде» Амага, Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Күнікей, Ж.Аймауытовтың «Ғашықтық дертінде»  Күнікей, Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» жеңге, Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай…» драмасында келін, М.Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясында Елена Владимировна, Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» әйел, Т.Мәмесейітовтің «Бәкей қызында»  Нұрилә, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Бәти, Қ.Ысқақ пен  Шахимарденнің «Қазақтарында»  Шолпан, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Қалиса, Т.Жүженоғлының «Көшкінінде» Кіндік шеше, Ү.Гаджыбековтің  «Аршын мал аланында» Телли,  Ә.Рахимовтың «Қылмыскерге куәлігінде» Жібекше, Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Қалампыр, И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?…» қойылымында үлкен кемпір, Р.Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтанында» Ана, Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?!..» комедиясында Қара кемпір, Иран Ғайыптың  «Мен ішпеген у бар  ма?!» реквиемінде Жеңге, Н.В.Гогольдің «Үйленуінде» Фекла Ивановна, И.Вовнянконың «Қаза мен жазасында» Секретар, А.Володиннің «Қоштасқым келмейдісінде» Судья, Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Маруся (реж. Е.Обаев), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Жәмилә (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Аягөз (реж.Е.Нұрсұлтан) т.б.

 Кинодағы рольдері: 

«Қиян» қалыңдық (реж. С.Апырымов), «Тауқыметте» Қыжымкүл, «Сағынышта» Анар (реж. Ұ.Қолдауова), «Ағайда» Күлән, «Шерниязда» Раушан, «Ұшарда» Ана, «Қыз жылағанда» Көрші әйел (реж. С.Нарымбетов), «Қазақы оқиғада» әйелі (реж. Д.Манабаев), «Жөшәнің махаббатында»  Ана (реж. Д.Саламат), «Секерде» Ана (реж. С.Кұрманбаев), «Біржан салда»  Жеңге (реж. Д. Жолжақсынов), «Құрдастарда»  Әлия (реж. М. Кунарова), «Әпкеде» Анасы (реж. М.Бидосов), «Агент Z» Әпкесі (реж. М.Бидосов), «Домашние войны» сериялында Гаухар Балнуровна (реж. Кирилл Бин), «Шалғайдағы оқиғада» Ана (реж. Ж.Пошанов). 

Жетістіктері:

ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1994), Президенттік стипендия иегері (1995), «Театр көктемі» фестивалінің  «Үздік әйел бейнесі» (1996), «Екінші кезектегі үздік әйел бейнесі» (2009),  Республикалық театр фестивалі (Петропавловск) Бас жүлде (2002), ҚР Театр Қайраткерлері  одағының «Еңлікгүл» сыйлығы (2009); ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері»  (2008), ҚР Тұңғыш Президенті қорының мәдениет және өнер саласының лауреаты (2010), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).