Назгүл Қарабалина

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Қарабалина Назгүл Әдиетқызы, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік «Дарын»  жастар сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері, "Құрмет" орденінің иегері, "ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері.

Орал облысы Ақжайық ауданы Шолохов атындағы ауылда дүниеге келген.

1993-1997жж. Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық училищесінде оқыды. 1997-2000жж. Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқыды, 2000ж. Қостанай облыстық  драма театрында дипломдық тәжірибеден өтті. 2001 жылдан М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының актрисасы.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда:  М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Шолпан, «Абайында» Ажар (реж. Е.Обаев), Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы» Баян (реж. Қ.Сүгірбеков), С. Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Бәтес (реж. Ә.Рахимов), Ә.Таразидің «Ақын..Періште…Махаббатында» Періште (реж. Ә.Рахимов), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Изольда (реж. Е.Обаев), Т.Нұрмағанбетовтың «Ескі үймен қоштасуында»  Айжаңа (реж. Е. Обаев),  Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретшісінде» Сұлу (реж. Н. Жақыпбай), Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Гүлжан, Иран Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» реквиемінде Әйгерім (реж. О.Кенебаев), Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Нарышкина (реж. Е.Обаев) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда:  Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Инкен (реж. Р.Андриасян), Н.Хикметтің «Фархад-Шырынында» Мехменебану (реж. А.Әшімов), Т.Жүженоғлының «Көшкінінде» Келін (реж. А.Кәкішева), М.Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшысында» Оксана (реж. О.Кенебаев), М.Байджиевтің «Қылмысында»  Мәриям (реж. О.Сәрсенбек), А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Маша (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева) т.б.

«Махаббат дастаны» қойылымы Корея мен Түркиядағы фестивальдарда жеңімпаз болса, «Сұлу мен суретші» Орталық Азия мен Қазақстан театрларының халықаралық фестивалінде бас жүлде иеленді.

Театрдың дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінде бірнеше рет жүлдегер болды.

Кинорольдері:

«Дүние жарық» фильмінде Сайра,  «Құрақ  көрпеде»  Келін,  «Үйректің жүрегі» фильмінде Айгүл,  «Махамбетте» Амазонка,  «Ауылым-әнімде» Әкім, «Періште» телесериалында Сая және ресейлік «Мангазияға жол» фильмінде – Қарай т.б.

Театрдың дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінде бірнеше рет жүлдегер болды.

«Платиналы Тарлан» сыйлығының (2002), Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (2010).

"Құрмет" орденінің иегері (2016).

"ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері (2016).