Нұржан Бексұлтанова

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Бексұлтанова Нұржан Байғожақызы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шелек ауылында дүниеге келген. 

1991-1995 жж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино  институтының  актерлік факультетін бітірді. 

1995 ж. Республикалық  Қуыршақ театрына  жұмысқа қабылданды. 

1997 ж. М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: С.Балғабаевтың  «Ғашықсыз ғасырында» Жұлдыз (реж. Ә.Рахимов), Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында»  Шүйкетай (реж. Ә.Рахимов), Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала-бейнесінде» Ләйлә (реж. Б.Атабаев), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Сұлухан (реж. Б.Омаров), «Жаужүрегінде» Марфа (реж. Е.Обаев), С.Асылбекұлының «Империядағы кешінде» Ұлжалғас Көпбаевна ( реж. А.Кәкішева),Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Ауылбасының әйелі (реж. А.Кәкішева)  т.б.

Әлемдік классика және заманауи драматургияда: У.Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Джульетта (ауд. Ә.Кекілбаев, реж. О.Салимов), Н.Гогольдің «Парасында» Мария Антоновна («Ревизор, реж. Е.Обаев), «Үйленуінде» Дуняша (ауд. О.Қыйқымов, реж. В.Захаров), А.Чеховтың «Шағаласында» Нина Заречная (ауд. А.Тоқпанов, реж. Б.Атабаев), Ф.Кафканың «Құбылысында»  Гретта (ауд. Е.Аманшаев, реж. Қ.Сүгірбеков), С.Покровскийдің «Желіккен жастарында» Эльмира, Е.Уахитовтың «Құдаларында» Зухра (реж. Ә.Рахимов), Т.Жүженоғлының «Көшкінінде» әйел (реж. А.Кәкішева), А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Маша (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева) т.б.

ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1995).