Зәуре Көпжасарова

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Көпжасарова Зәуре Сланбекқызы, Қазақстан  Жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты.

Жамбыл облысы Талас ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Тараз қаласындағы №36 орта мектебін бітірген.

1997-2001жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын  «театр және кино актері» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек жолын Қостанай облыстық  І.Омаров  атындағы  қазақ драма театрында  бастады.

2003ж. бастап М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында жұмыс істейді.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Шолпан (реж. Е.Обаев), «Еңлік-Кебегінде» Еңлік (реж. Х.Әмір-Темір), С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Бәтес (реж. Ә.Рахимов), Шахимарден, Қ.Ысқақтың «Қазақтарында» Гүлбахор (реж. Т.Әл-Тарази), М.Әуезовтің «Абайында» Қарлығаш (реж. Е.Обаев),  Т.Мәмесейітовтің «Бәкей қызындағы» Бәкей қыз (реж. Ә.Рахимов), бүгінгі заман драматургиясынан – М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында» Сәуле (реж.Б.Атабаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Мара (реж. Ә.Рахимов), «Ескі үймен қоштасуында» Келін (реж. Е.Обаев),  Ә.Әмзеевтің «Қара кемпірінде» Қали (реж. Е.Обаев), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Сағыныш (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай),  Д.Исабековтің «Әпкесінде» Нәзила (реж. Б.Омаров), И.Вовнянконың «Апатында» Жібек (реж. А.Әшімов), С.Балғабаевтың «Сағыныш пен елесінде» Арайлым (реж. Ә.Рахимов), М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» Айгүл (реж.О.Кенебаев), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Айжамал (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібегінде" Жеңге (реж. Е.Нұрсұлтан)  т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Н.Хикметтің «Фархад-Шырынында» Шырын (реж. А.Әшімов), М.Кәрімнің «Күнәһарында» Зүбәржат (реж. О.Кенебаев), Е.Уахитовтің «Құдаларында» Зуһра (реж. Ә.Рахимов).

Театрдың дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінде жүлделерге ие болды.

Шымкент қаласында өткен Қ.Жандарбековтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Мен де айналып келемін» атты республикалық  әншілер байқауында бас жүлдені жеңіп алған.

«Серпер»Жастар одағы сыйлығының лауреаты (2010).