Ботагөз Жақыпбекова

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Жақыпбекова Ботагөз Қаратайқызы,актриса

1988 жылы Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Абай атындағы орта мектепке қабылданып, 2006 жылы Қаратау қаласында А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияны тәмамдаған.

2006-2010 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында білім алған. 2008-2010 жылдары “Еларна” телеарнасындағы “Ақындар аллеясы” бағдарламасында қызмет атқарды.

2014 жылдан  М.Әуезов театрының актерлік құрамында.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Д.Исабековтің “Жүз жылдық махаббат” – Гүлсім (реж. А.Кәкішева), Д. Эннери мен Дюмануардың “Испандық ақсүйек” комедиясында (Дон Сезар де Базан) – Маритана (ауд. және реж. А.Рахимов), Ш.Мұртазаның “Ай мен Айшасында” – Тотия (сахналық нұсқа А.Жуасбек, реж. Т.Жаманқұлов), И.Вовнянконың “Қаза мен жаза” криминалдық драмасында Клеопатра (ауд. О.Қиқымов, реж. А.Әшімов, С.Асқаров) т.б.