Баян Қажынәбиева

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Қажынәбиева Баян Алысқызы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты..

Қостанай облысы Амангелді ауданы Н.К.Крупская совхозында дүниеге келген. 1993ж. Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжін бітірді.

2000ж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының театр өнері факультетін, 2012ж. магистратурасын бітірген.

Өнер жолын Солтүстік Қазақстан облыстық С.Мұқанов атындағы музыкалық драма театрында бастаған.

2000ж. қараша айынан  М.Әуезов театрында еңбек етеді. 

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Қарагөзінде» Қарагөз (реж. Б. Атабаев), И. Сапарбайдың «Абай-Тоғжанында» Тоғжан (реж. Н. Тутов), С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Қамар сұлу (реж. Ә.Рахимов), С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасырында» Жұлдыз, «Сағыныш пен Елесінде» Арайлым (реж. Ә.Рахимов), М.Әуезовтің «Абайында» Мағыш (реж. Е.Обаев), М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында!» Бану (реж. Б.Атабаев), Ә.Таразидің «Ақын…Періште…Махаббатында…» Періште (реж. Ә.Рахимов), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Гауһар (реж. Б.Омаров), Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Таңсық (реж. Қ.Сүгірбеков), Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Айжан (реж. Е.Обаев), Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» Гүлбахор (реж. Т.әл-Тарази), М.Әуезовтің «Абайында» Ажар (реж. Е.Обаев), «Еңлік-Кебегінде» Еңлік (реж. Х.Әмір-Темір), С.Асылбекұлының «Империядағы» кешінде» Гүлден (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Жеңге (реж.Е.Нұрсұлтан) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Н.Гогольдің «Парасында» Марья Антоновна (реж. Е.Обаев), Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Инкен (реж. Р.Андриасян), М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшыда» Оксана (реж. О.Кенебаев), Е.Уахитовтің «Құдаларында» Ділназ (реж. Ә.Рахимов), Н.Хикметтің «Фархад-Шырынында» Шырын (реж. А.Әшімов), М.Байджиевтің «Қылмысында» Мәриям (реж. О.Сәрсенбек) , А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Ольга (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева) т.б.

2008 ж. Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында «актерлік шеберліктен» сабақ береді.

ҚР Жастар одағы сыйлығының иегері (2005).