Еркебұлан Дайыров

Дайыров Еркебұлан Мұратұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы  «Серпер» жастар сыйлығының иегері.

1986ж. Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген.

2004-2008жж. Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын «Музыкалық драма актері» мамандығы бойынша оқып-бітірді.

2006ж. бастап М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік тобында. 

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Абайында»  Айдар  (реж. Е. Обаев), «Еңлік-Кебегінде» Кебек (реж. Х. Әмір-Темір), «Қилы заманында» Айтбай (сахналық нұсқасы: Н.Оразалин, реж. Ә. Рахимов), Т .Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Жылқышы, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Бүркіт (реж. Ә. Рахимов), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Жантық (реж. Қ. Сүгірбеков), Т. Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Нарбол, Д. Исабековтің «Актрисасында» Ерлен (реж. Н. Жұманиязов), «Мұрагерлерінде» Төрехан (реж. О. Кенебаев), «Жаужүрегінде» Балуан Шолақ («Балуан Шолақ», реж. Е. Обаев), И. Сапарбайдың «Қыз мұңында» Ғазиз (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай), И. Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?…» қойылымында Абай (реж. О. Кенебаев), Н. Оразалиннің «Шырақ жанған  түнінде» Сағын (реж. Н. Жақыпбай), Т. Әбдіковтың «Ұлы мен ұры» драмасында журналист (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан), Р.Отарбаевтің «Бейбарыс сұлтанында» Қалауын, Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Бауыржан (реж. Е.Обаев), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Бекежан (реж.Е.Нұрсұлтан)  т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда:  Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Меркуцио (реж. О. Салимов), Гогольдің «Үйленуінде» Подколесин (реж. В. Захаров), Ү. Ғаджыбековтің «Аршын мал аланында» Сүлейман (реж. Т. әл-Тарази), М. Кәрімнің «Күнаһарында» Диуана (реж. О.Кенебаев) т.б.

Кинорольдері: М.Бидосовтың «Теміртау көктемі» фильмінде Ораз, Ж. Пошановтың «Парыз» телесериалында Талап, А. Сахамановтың «Тағдыр» телесериалында Айдар, А.Сатаевтың “Бауыржан Момышұлы” фильмінде Бауыржан Момышұлы т.б.

«Ел арна» телеарнасындағы «Бағдаршам», «Хабар» телеарнасында  «Дудар-ай», 31 каналда «Талант шоу» бағдарламаларында  жүргізуші болды.

«Серпер» жастар сыйлығының иегері (2013).

ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2018).