Күнсұлу Шаяхметова

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Шаяхметова Күнсұлу Тұрғынбекқызы, актриса."Мәдениет саласының үздігі". 

Солтүстік Қазақстан облысы  Есіл ауданы Тауағаш ауылында дүниеге келді.

1995-1999 жж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын оқып-бітірді. Академияда оқып жүріп Қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарып, «Қазақстан» ұлттық арнасында «Таңшолпан» ақпараттық- сазды бағдарламасының жүргізушісі болды.

1999 ж.  Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік тобына қабылданды.

2009 ж. бастап  М.Әуезов драма театрында қызмет етеді.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда (Ғ.Мүсірепов театрында):  Ғ.Мүсіреповтің «Қыз-Жібегінде» Қарлығаш, «Пай-пай, жас жұбайларда» Зәуре, «Көгілдір таксиде» Мариям  т.б.

М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында: М.Әуезовтің «Қилы заманында» Ана (реж. Ә.Рахимов), Т.Нұрмағанбетовтің «Қожанасыр тірі екенінде» Әмина, М.Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшысында» Елена (реж. О.Кенебаев), Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Балқаш (реж. Е.Обаев), С.Асылбекұлының «Империядағы» кешінде» Ұлжалғас Көпбайқызы (реж. А.Кәкішева), Н.Гогольдің «Үйленуінде» Агафья Тихоновна (реж. В.Захаров),М.Әуезовтің «Қарагөзінде» кемпір (реж. Б.Атабаев), М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде» Таңқабике, И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?…» реквиемінде Әйгерім (реж. О.Кенебаев), Ж.Ерғалиевтің «Қас қағым» драмасында Полицей (реж. Е.Нұрсұлтан), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Қамқа (реж.Е.Нұрсұлтан), А. Сүлейменовтің «Адасқақ» (реж: Ә. Рахимов) т.б.

Халықаралық театр фестивалінде «ең үздік әйел бейнесі» аталымы  бойынша жүлдеге ие болды (2007ж). С.Майқанова және Ш.Жандарбековаға арналған «Театр көктемі-2011», «Театр көктемі-2012»  фестивальдарінің жүлдегері.

«Балапан» телеарнасының жүргізушісі. Мемлекеттік деңгейдегі  көптеген ән-жыр кештерінің жүргізушісі ретінде де жақсы танымал.

"Мәдениет саласының үздігі" - 2017ж.