Алмас Шаяхметов

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Шаяхметов Алмас Мұратбекұлы, Қазақстан Жастар одағы  «Серпер» Жастар сыйлығының иегері.

1987ж. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көктал ауылында дүниеге келген. 2004ж. Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға түскен. 2 курста оқып жүріп, 2006ж. М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды. Өнер Академиясын 2008ж. музыкалы драма актері мамандығы бойынша бітірді.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» Кебек (реж. Х. Әмір-Темір), «Абайында» Айдар (реж. Е. Обаев),  С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Хасен (реж. Ә.Рахимов), Д. Исабековтің «Актрисасында» Ерлен (реж. Н. Жұманиязов), «Мұрагерлерінде» Төрехан (реж. О. Кенебаев), «Жаужүрегінде» Сүтемген («Балуан Шолақ», реж. Е. Обаев), Т. Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Жылқышы (реж. Ә. Рахимов), Қ .Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Сабырдың жас шағы (реж. О. Кенебаев), Т. Нұрмағанбетовтің «Қожанасыр тірі екенінде» Түрікмен (реж. О. Кенебаев), И. Сапарбайдың «Қыз мұңында» Дастан (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай), Ә. Рахимовтың «Шәкәрімінде» үшінші (реж. Ә. Рахимов), М.Әуезовтің «Қилы заманында» Оспан (реж. Ә.Рахимов), Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Жас жігіт (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай), С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Офицер (реж. Ә.Рахимов), Т.Әбдіковтің «Ұлы мен ұрысында» Ұры (реж. Е.Обаев), Н.Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» Танат (реж. Н.Жақыпбай), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Алеко (реж. Е.Обаев), Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» Жиренбас (реж. Т.әл-Тарази), Д.Исабековтің «Жүз жылдық махаббатында» Мағжан Жұмабаев (реж. А.Кәкішева), Ғ.Есімнің «Таңсұлуында» Жойқын (реж. А.Кәкішева), Р.Отарбаевтің «Бейбарыс сұлтанында» Құтыз (реж. Ю.Ханинга-Бекназар), Ж.Ерғалиевтің «Қас қағымында» Сәбит (реж. Е.Нұрсұлтан),  І.Есенберлиннің «Алмас қылышында» Қаптағай (реж. А.Кәкішева), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Полиция бастығы (реж. Е.Обаев), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Төлеген (реж.Е.Нұрсұлтан) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: М. Кәрімнің «Күнәһарында» Ақжігіт (реж. О. Кенебаев), У.Шекспирдің «Отеллосында» Монтано (реж. Н.Птушкина), «Гамлетінде» Лаэрт (реж. Ю.Ханинга-Бекназар), А.Чеховтің «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Тузенбах (реж.  Р.С.Андриасян), Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Балтазар (реж. О. Салимов), А.Володиннің «Қоштасқым келмейдісінде» Валера (реж. А.Маемиров),  т.б.

Кинорольдері

«Менің күнәлі періштем» (реж. Т. Теменов), «Жаужүрек мың балада» Жоңғар (реж. А. Сатай), «Парыз» (реж. Ж.Пошанов),  «Шалғайдағы оқиғада» Қуат (реж. Ж.Пошанов),«Өмір сынағында» Бақыт (реж. Қ.Мұстафин),  «Аманатта» Иса батыр (реж. С.Нарымбетов), «Тағдырда» Оператор (реж. А.Сахаманов), «Қара шаңырақта» Болатбек (реж. К.Мустафин,А.Сахаман), «Анаға апарар жол» (реж. А.Сатаев),«Аяулы арманда» Дәурен (реж. А.Дранникова) рольдерін ойнады. Жас актер телебағдарламаларға белсенді қатысады, сонымен қатар, Жігіттер квартетінің «Дүние керуен», Арай тобының «Өзің ғана», Шахизаданың «Есіңде бар ма жас күнің?», Қ.Бердібайдың «Даниярдың әні» клиптеріне түскен.

Жетістігі:

Қазақстан «Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері (2013).