Саяжан Құлымбетова

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Құлымбетова Саяжан Дәуітбайқызы, актриса.

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында дүниеге келген.

1998-2000жж.  Жезқазған қаласының музыкалық  колледжінде «актер» мамандығын оқып, Жезқазған облыстық  С.Қожамқұлов атындағы  музыкалық драма театрында жұмыс істеді.

2003ж. Алматы қаласы  Ғ.Мүсірепов атындағы  Балалар мен жасөспірімдер академиялық драма театрында қызмет етті. 2004-2008жж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқып, актер мамандығына ие болды.

2008жылдан бері М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында актриса.

Сахнадағы  рольдері: 

Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» драмасында Қыз (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай), Т.Нұрмағанбетовтің "Бес бойдаққа бір тойында" Мара (реж. Ә.Рахимов),  У.Ғаджыбеков "Аршын Мал Аланында" Телли (ауд. Қ.Мұхаммеджанов, реж. Т.әл Тарази), Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» Қалидың жас шағы (реж. Е. Обаев, Т.Аралбай), Н. Гогольдің «Үйленуінде» Дуняша (реж. В. Захаров), И.Сапарбайдың «Қыз мұңында» Айгүл (реж. Т. Аралбай ), М.Әуезовтің "Еңлік-Кебегінде" Еңлік (реж. Х.Әмір Темір), Ә.Рахимовтің «Шәкәрімінде» Пионер (реж. Ә.Рахимов), А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Ирина (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева), Р.Отарбаевтың "Бейбарыс сұлтанында" Пұлжетпес (реж. Ю.Ханинга-Бекназар), Ж.Ерғалиевтің "Қас қағымында" Елена Ивановна (реж. Е.Нұрсұлтан), И.Ғайыптың "Қорқыттың көрінде" Нике (реж. Й.Вайткус), У.Шекспирдің "Отеллосында" Бьянка (реж. Н.Птушкина), Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» драмасында Айдай (сахн. нұсқа Е.Жуасбек, реж. Т.Жаманқұлов), И.Вовнянко "Қаза мен жаза" криминалдық драмасында Мэрилин (ауд. О.Қыйқымов, реж. А.Әшімов, С.Асқаров), М.Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Гауһария (реж. А.Кәкішева), А.Аламанның "#ЖүрегімніңИесінде" Дариға т.б.