Анар Бөкенбай

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Бөкенбай  Анар, актриса.

Алматы облысы Кеген ауданында дүниеге келген.

1997-2001жж. Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын  «Музыкалық драма актері» мамандығы бойынша оқып-бітірді.

Өнердегі еңбек жолын Қ.Қуанышбаев атындағы театрда бастады, кейін Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында өнер көрсетті.

2007ж. бастап М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актрисасы.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: Шахимарден мен Қ.Ысқақтың «Қазақтарында» Гүлбаһор (реж. Т.әл-Тарази), Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» («Балуан Шолақ», реж. Е.Обаев)  Екатерина,  «Мұрагерлерінде» Қалыңдық (реж. О.Кенебаев), С.Асылбекұлының «Империядағы кешінде» Гүлден (реж.А.Кәкішева), Д.Исабековтың «Жүз жылдық махаббат» драмасында Гүлсім («Мағжан», реж. А.Кәкішева) , Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Ауыл адамы (реж. Е.Обаев), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Гүлжамал (реж. А.Кәкішева)    т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда:  Е.Уахитовтың «Құдаларында» Дильназ (реж. Ә.Рахимов), Б. Жәкиевтің «Жүрейік, жүрек ауыртпайында» немере (реж. Е. Обаев), Т. Жүженоғлының «Көшкінінде» келін (реж. А. Кәкішева), М. Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» кезбе (реж. О.Кенебаев), А. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Наталья Ивановна (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А. Кәкішева), "Қоштасқым келмейдіде" (А.Володин, реж.А.Маемиров) Шумилова, "Алмас қылышта" (І.Есенберлин, реж.А. Кәкішева) Жаған бегім, т.б.