Ләззат Қалдыбекова

Қалдыбекова Ләззат Әбішқызы, Қазақстан Жастар одағы “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты.

ОҚО Мақтаарал ауданы Таубай ата ауылында дүниеге келді.

2004-2008жж.  Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын оқып-бітірді.

М.Әуезов театрының қойылымдарына студент кезінен бастап қатыса жүріп, 2007жылдан осы театрға жұмысқа қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Абайында» Мағыш (реж. Е.Обаев),  Т.Нұрмағанбетовтің «Қожанасыр тірі екенінде» Зүлейха (реж. О.Кенебаев),   Д.Исабековтың «Жаужүрегінде» Ғалия (реж. Е.Обаев), И.Сапарбайдың «Қыз мұңында» Сағыныш (реж. Т.Аралбай, Е.Обаев), Н.Гогольдің «Үйленуінде» Агафья Тихоновна (реж. В.Захаров), Т.Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Бәкей (реж. Ә. Рахимов), М. Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» Кезбе, И. Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?…» қойылымында Нұрғаным (реж. О. Кенебаев), Н. Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» Нұргүл (реж. Н. Жақыпбай), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Жанар (реж. Е.Обаев) т.б.

Қазақстан Жастар одағы “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты (2015 ж).