Салтанат Бақаева

Бақаева Салтанат Ермекқызы, Қазақстан Жастар одағы “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты.

Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келді.

2005-2009жж.  Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында «Театр өнері» факультетінде білім алды.

2010ж.  М.Әуезов драма театрының актрисасы болып қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық, әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?» комедиясында Эля (реж. М.Ахманов), М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» Айнагүл (реж. О.Кенебаев), У.Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Джульетта (реж. О.Салимов),  Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Татьяна (реж. Е.Обаев), М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде» Зүбәржат (реж. О.Кенебаев), Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай» қойылымында немере қыз, И.Сапарбайдың «Қыз мұңында» Айгүл (реж. Е. Обаев), М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясында Оксана (реж. О. Кенебаев), Н. Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» қыз (реж.Н.Жақыпбай), Ғ. Есімнің «Таңсұлуында» Таңсұлу, Т.Уильямстың «Шыны хайуанатында» Лаура (реж. А.Қабдешова), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Жібек (реж.Е.Нұрсұлтан) т. б.

Актриса әншілік өнерімен жақсы танымал.

Қазақстан Жастар одағы “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты (2015 ж).