Гүлнұр Шыңғысова

Шыңғысова Гүлнұр Жүнісбайқызы, актриса

Алматы облысы Ақсу ауданы Діңгек ауылында дүниеге келген.

2004-2008жж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына түсіп, ҚР халық артисі, Платиналы«Тарлан»сыйлығыныңиегері, көрнекті  режиссер, профессор  Е.Обаев пен ҚР еңбек сіңірген артисі М.Рахманованың шеберханасынан «Музыкалық драма театры және кино актері» мамандығы бойынша  бітіріп шықты.

Сол жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына жұмысқа қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Абайында» Мағыш  (реж. Е.Обаев), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» мюзиклында Сағыныш, «Қызм ұңында» Сағыныш (реж.Е.Обаев, Т.Аралбай), Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретшісінде» Сұлу (реж. Н.Жақыпбай), Т.Нұрмағамбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Айжаңа (реж.Е.Обаев), Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Балқаш (реж. Е.Обаев), И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?…» реквиемінде Хадиша (реж.О.Кенебаев), Н.Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» Нұргүл (реж.Н.Жақыпбай), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Шешен әйел (реж. А.Кәкішева), А.Аламанның "#ЖүрегімніңИесінде" Дариға және  т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: У.Ғаджибековтің «Аршын малалан» мюзиклында Гүлчахра (режиссері Т.әл.Тарази, ауд. Қ.Мұхамеджанов), түрік драматургы Т.Жүженоғлының «Көшкінінде» Келін (реж. А.Кәкішева, ауд.О.Қыйқымов) т.б.