Қайрат Нәбиолла

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Нәбиолла Қайрат, актер

1987 жылы 30 желтоқсанда ҚХР Алтай аймағы Қаба ауданында дүниеге келген.

2001 жылы Қаба ауданы орта мектебін тәмамдаған. 2006 жылы Қазақстанға қоныс аударған. 2006-2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласындағы №11 кәсіптік-техникалық колледжде білім алған.

 2010-2014 жылдары аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында КСРО және Қазақстанның  халық артисі Асанәлі Әшімовтің шеберханасынан білім алған.

2014 жылы М.Әуезов театрының актерлік тобына қабылданды.

Сахнадағы негізгі ролдері:

Д.Исабеков “Жүз жылдық махаббат” Бақылаушы (“Мағжан”, реж. А.Кәкішева), сондай-ақ “Абай” (М.Әуезов, реж. Е.Обаев), “Сыған серенадасы” (И.Сапарбай, реж. Е.Обаев), “Таңсұлу” (Ғ.Есім, реж. А.Кәкішева), "Қаза мен жазада" Әртіс (реж. А.Әшімов), І.Есенберлин "Алмас қылышта" Қарақожа - Керей батыры (реж. А.Кәкішева), Еврипид "Медеяда" Ясон (реж. А.Қабдешова), Қ.Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Полицей (реж. Е.Обаев), М.Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Әскери (реж. А.Кәкішева, Н.Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» Сағын және т.б.