Зарина Карменова

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Карменова Зарина, Қазақстан  Жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты.

Алматы қаласында дүниеге келген.

2004-2007жж. Қазақ Ұлттық Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясы колледжін музыкалық театр актрисасы,  ал, 2007-2011жж. Өнер академиясын "кино және театр актрисасы" мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтады. Осы жылдары Лондон қаласындағы Өнер мектебінде қосымша білім алды.

2011ж. тамыз айынан М.Әуезов атындағы драма театрының актрисасы.

Сахнадағы негізгі рольдері: С. Асылбекұлының «Империядағы» кеш» драмасында Сәния (реж. А. Кәкішева), М. Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» Айгүл (реж. О. Кенебаев),  М. Әуезовтің «Қилы заманында» Бәкей (реж. Ә. Рахимов),   Ә. Рахимовтің «Шәкәрімінде» қыз (реж. Ә. Рахимов), Н. Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» қыз (реж. Н. Жақыпбай), А. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Ирина (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева), Ж.Ерғалиевтің «Қас қағымында» Жазира (реж. Е.Нұрсұлтан), И.Вовнянконың "Қаза мен жазасында" Клеопатра (реж.А.Әшімов), А.Д Эннери мен Ф. Дюмануардың "Дон Сезар де Базанында" Маритана, А.Володиннің "Қоштасқым келмейдісінде" Катя Лаврова, Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Люба-Украин қызы (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Дүрия (реж.Е.Нұрсұлтан) т.б.

Кинорольдері:

«Кек» фильмінде Меңсұлу (реж. Д. Манабай), «Махаббат күші»  фильмінде Жұлдыз (реж. А. Сатаев), «Үйлену оңай» телесериалында Жәнел (реж. А. Дранникова).

«Хабар» арнасының «Айтұмар» бағдарламасының жүргізушісі.

Қазақстан  Жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты(2018).