Ермек Бектасов

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Бектасов  Ермек Мұратұлы, актер.

1984 ж. Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келді.

2005-2009жж. Қазақ Ұлттық Өнер академиясын оқып-бітірді. Сол жылы жолдамамен Ақтөбе облыстық  Т.Ахтанов атындағы драма театрының  актерлік құрамына қабылданды.

2010ж. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына кірді.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Жаршы (реж. Е.Обаев), С.Асылбекұлының «Империядағы» кешінде» Болат (реж. А.Кәкішева), И.Сапарбайдың «Қыз мұңында» Гитарашы жігіт (реж. Е. Обаев,Т. Аралбай), М. Әуезовтің  «Қарагөзінде»  Жылқышы (реж. Б. Атабаев), «Қилы заманында» солдат (сахналық нұсқасы: Н.Оразалин, реж. Ә. Рахимов),  Т. Нұрмағанбетовтің «Қожанасыр тірі екенінде» Коммерсант (реж. О. Кенебаев), М. Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде»  Кезбе (реж. О. Кенебаев), Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» автокөлік жүргізушісі (реж. О. Кенебаев), Ә. Рахимовтың «Шәкәрімінде» екінші (реж. Ә. Рахимов), Е. Уахитовтың «Құдаларында» Қылышбек (реж. Ә. Рахимов), Р.Отарбаевтың "Бейбарыс сұлтанында" Бейбарыс (реж. Ю.Ханинга-Бекназар), У.Тинесидің "Шыны хайуанатында" Том, Ш.Мұртазаның "Ай мен Айшасында" Нұрперзент (реж.Т.әл-Тарази), А.Володиннің "Қоштасқым келмейдісінде" Беляев, судья, І.Есенберлиннің "Алмас қылышында" Саян, Бұрындық (реж.А.Кәкішева), т.б.

 «Қазақстан» телеарнасындағы «Дала-думан» бағдарламасына жүргізуші ретінде қатысты.