Жасұлан Байсалбеков

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Жасұлан Байсалбеков, Қазақстан Жастар одағы “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты.

1986 ж. Алматы қаласында дүниеге келді.

2004 ж.  Қазақ Ұлттық Өнер академиясына түсіп, 2008 ж. бітіріп шықты.

2007 ж. бастап М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: Ә. Таразидың "Ақын... Періште... Махаббатында" бас дәрігер, И.Сапарбайдың "Сыған серенадасында" Абзал (реж. Е.Обаев), М.Әуезовтің «Абайында» Мағауия (реж. Е. Обаев),  «Еңлік-Кебегінде» Қалдашбай (реж. Х.Әмір-Темір), С.Мұқановтың "Мөлдір махаббатында" Еркін (реж. Ә.Рахимов), И.Ғайыптың "Мен ішпеген у бар масында" Күнту (реж. О.Кенебаев), «Қилы заманында» түрме бастығы, Т.Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Жасауыл (реж. Ә.Рахимов), Т. Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Нарбол (реж. Ә. Рахимов), Е.Аманшаевтың "Сұлу мен суретшісінде" арқан кергіш (реж. Н.Жақыпбай),  Д. Исабековтің «Жаужүрегінде» Михаил (реж. Е. Обаев),  И. Сапарбайдың «Қыз мұңында» Дастан (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай), М. Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» Кезбе (реж. О.Кенебаев), Ә.Рахимовтың «Шәкәрімінде» бірінші (реж. Ә. Рахимов), Т. Әбдіковтің «Ұлы мен ұрысында»  Ұлы (реж. Е. Обаев, Е.Нұрсұлтан), Т.Нұрмағамбетовтің "Қожанасыр тірі екенінде" Түрік (реж. О.Кенебаев), Р.Отарбаевтың "Бейбарыс сұлтанында" Айбек, Мәмлүк,  Д.Исабековтің "Жүз жылдық махаббатында" Валерий Брюсов (реж. А.Кәкішева), Ғ.Есімнің "Таңсұлуында" Қалмақ бегі (реж. А.Кәкішева), И.Ғайыптың "Қорқыттың көрінде" Шырғай ағаш (реж. Й.Вайткус), И.Вовнянконың "Қаза мен жазасында" Пух (ауд. О.Қыйқымов, реж. А.Әшімов, С.Асқаров), І.Есенберлиннің «Алмас қылышында»  Жәнібек хан, Құба би (реж. А.Кәкішева) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда:  К. Гоццидің "Турандот ханшайымында" Әтек (реж. Т. әл-Тарази), У.Шекспирдің «Гамлетінде» Горацио, «Отеллосында» Жаршы, «Ромео мен Джульеттасында» Тибальт (реж. О. Салимов), Т.Жүженоғлының «Көшкінінде» Басқарма (реж. А. Кәкішева),  Н. Гогольдің «Үйленуінде» Анучкин  (реж. В. Захаров), А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Соленый (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А. Кәкішева), А.Володиннің «Қоштасқым келмейдісінде» Давид Керилашвили (реж. А.Маемиров) т.б.

Кинорольдері:

«Махамбет» (реж. Т.Сланбек, 2006), «Жаужүрек мың бала» (реж. А.Сатай, 2007), "Ауыл сақшысы" Тергеуші (реж. С.Құрманбеков, 2013), «Қыз жолы» Әділ (реж. А.Бейсенбин), «Алтын адам» Бауыржан (реж. Е.Рақышев)  т.б. 

Қазақстанның “Серпер” Жастар одағы сыйлығының лауреаты (2015 ж), "Театр көктемі - 2016" фестивалінде І.Есенберлиннің «Алмас қылыш» тарихи драмасындағы Құба би ролі үшін «Үздік эпизодтағы ер адам бейнесі» жүлдесі (2016).